Polaris PMC 0578AD [62/67] Әмбебап ас әзірлегіш құрылғымен жұмыс атқару барысындағы қауіпсіздік жөніндегі сақтық шаралары

62
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны және оның электрлі желілік баусымын қыздыру не жылу шығаратын көздерінен және өзге де электрлі құралдардан алыс қашықтықта орналастырыңыз, құрылғы
және оның электрлі желілік баусымы ыстық ауаның тікелей күн көзіне, жоғары температураның әсеріне, тікелей күннің жарық сәулесінің және де жауын-шашындардың түсуіне және ылғалға
ұшырамайтындай етіп, яғни құрылғылардың бұзылу қаупін туғызатын себептерін болдырмайтындай етіп, сақталуы керек.
Назар аударыңыздар! Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны ешбір жағдайда суға немесе басқа сұйықтықтарға батырып салуға мүлдем болмайды. Іске қосылып, жұмыс істеп тұрған құрылғыны ылғал қолмен ұстауға
болмайды. Әмбебап ас әзірлегіш құрылғы дымқылданса, оның электр желілік баусымның айыртетігін бірден электрлік қоректену желіден ажыратыңыз.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғы суға түсіп кеткен жағдайда, оның электр желілік баусымның айыртетігін бірден электрлік қоректену желісінен ажыратыңыз. Сонымен, бұл кезде қолды суға малуға
мүлдем болмайды. Құрылғыны екінші мәрте пайдаланудың алдында оны білікті маман тексеріп шығуы керек.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының электр желілік баусымның айыртетігін электр желіге жалғастырып қоспас
бұрын, құрылғының техникалық сипаттамаларында көрсетілген кернеудің параметрлері Сіздің үйіңіздегі электрлік желісінде қолданылатын кернеуіне, яғни электрлік желінің
параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Назар аударыңыздар! Кез келген ақау бола тұра құрылғыны іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосуға қажет. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жерлендіру бекітілген электр техникалық нормаларға сәйкес
келуі тиіс. Техникалық стандартқа сай келмейтін қуат беру және электрлік қоректендіру көздері мен ұзартқыш немесе жалғастырғыш құрылғыны және үшжақты жалғаулық секілді үшайыр
бiрiктiргіш құрылғыларын пайдаланбаңыз.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құрылғыны сүйiр бұрыштарға соғылуынан сақтаңыз. Әмбебап ас әзірлегіш құрылғымен пайдаланып болғаннан
кейін, сонымен қатар, құрылғыны және оның қандай да бөлшектері мен керек-жарақтарын тазартпас бұрын немесе құрылғы сынып, істен шыққан жағдайда, сондай-ақ, құрылғының
бөліктері мен бөлшектерін орнатпас бұрын немесе оларды бөлшектеу қажет болған жағдайда, құрылғыны әрдайым сөндіріп, оның желілік баусымның айыртетігін әрдайым
электр желіден ажырату қажет.
Құрылғыны оның электрлік қоректену желілік баусымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, құрылғыны оның электрлік қоректену желілік баусымнан ұстап, электрлік қоректену желісінен
тартқылап, ажыратуға тыйым салынады. Құрылғының қуат өткізетін электрлі желілік баусымын электрлік қоректену желіден ажыратқан кезде, тек қана оның электр желілік баусымның
штепсельді айыртетігінен ұстаңыз.
Құрылғының жеткізілім жиынтықтылығына кірмейтін қосымша аксессуарларға жататын бөлшектері мен керек-жарақтарын пайдалану Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Әр жолы құрылғыны әрбір пайдаланғаннан кейін, оның электрлі қоректендіргіш баусымын құрылғыны айналдыра орауға болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл баусымның үзілуіне әкеп
соғуы мүмкін. Қашанда құрылғының электрлі қоректендіргіш баусымын дұрыс сақтау үшін оны жақсылап тарқатыңыз.
Кепілдік қызмет көрсету әрекетін сақтау мақсатында және техникалық мәселелерінің алдын алу үшін бұл құрылғыны өз бетіңізбен бөлшектеуге және жөндеуге тырыспаңыз. Жөндеу жұмыстарын
тек техникалық білікті мамандары ғана, яғни қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері ғана жүзеге асыруы керек.
Құрылғыны жөндеу үшін тек қана түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді пайдалануға қажет.
11. ӘМБЕБАП АС ӘЗІРЛЕГІШ ҚҰРЫЛҒЫМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ БАРЫСЫНДАҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны пайдалану барысында оның айналасында жеткілікті түрдегі бос орынның болуын қамтамасыз етіңіз. Әмбебап ас әзірлегіш құрылғы жиһаз, перде және басқа да,
сол секілді өрт қауіптілігі бар өртенгіш нысандардан 15 см артық қашықтықта орналасуы қажет.
Құрылғыны тікелей қабырға мен жиһаздардың жақын маңында орналастырмаңыз, себебі оның жұмысы барысында құралдан бу шығады, бұл бу тию салдарынан жиһаз заттарының және
қабырғаның сыртқы қабатының өзгерістеріне, мысалы пішін түрінің өзгеруіне, деформациялануына, сондай-ақ, олардың бүлінуіне, сыртқы түс түрінің өзгеруіне не жоғалуына, қара не ақ дақтардың
пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының жұмысы барысында, оны сүлгімен немесе өзге заттармен жаппаңыз, оның ішінен бу еркін түрде шығуы қажет.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны пайдалану барысында құрылғыны құрғақ, тегіс, термоберік қабатта орналастырыңыз, құрылғының түбіндегі ауа желдеткіш саңылаулардың бөгде заттармен,
дастарқанмен, матадан жасалған төсемдермен немесе өзге де заттармен жабылмауын қадағалаңыз, бұл құрылғының қатты қызып кетуіне әкеп соғуы мүмкін.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында, оның бөгде не жағымсыз иісін кетіру үшін әмбебап ас әзірлегіш құрылғының ыдысына суды шамалы оның тостақтың жартысына дейін құйып,
температуралық («Бұда пісіру») режимін қолданып, суды 30 минут бойы қайнатып алыңыз.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының ішкі тостағы құрылғыға орнатылмаған болса, әзірлеу бағдарламаларын іске қосуға тыйым салынады, сондай-ақ, әзірлеу бағдарлама іске қосылып, орындалып
жатқан кезде, яғни әзірлеу үдересі барысында әмбебап ас әзірлегіш құрылғыдан тостақты шығаруға болмайды.

Содержание

Скачать