Polaris PWH IMR 0880 V [36/52] Polaris

36
Электр жинақтауыш сужылытқышы
POLARIS
PWH IMR 0830 V, PWH IMR 0850 V, PWH IMR 0880 V,
PWH IMR 08100 V
Пайдалану жөніндегі нұсқау
POLARIS сауда белгісімен шығатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғысымызды
білдіреміз. Біздің бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары
талаптарға сәйкес жасалған. Еуропалық стандарттарға сай көп жылдық өндіріс тәжірибесі,
заманауи материалдарды, жаңа құрастырылымдар жөніндегі үздік шешімдер мен
технологияларды пайдалану, сужылытқыштың ұзақ уақыт қызмет етуі мен сенімді
пайдаланылуына кепілдік береді. “POLARIS” сауда белгісімен бұйымды алғаныңызға риза
болатыныңызға сенімдіміз.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, онда Сіздің
қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құрылғыны дұрыс пайдалану
мен күтуге қатысты кеңестер берілген.
Нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге сақтаңыз.
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, үлгісі PWH IMR 0830 V, PWH IMR 0850 V, PWH
IMR 0880 V, PWH IMR 08100 V POLARIS сауда таңбасымен шығарылатын, тұрмыстық
электр сужылытқыш (бұдан әрі мәтін бойынша сужылытқыш, құрылғы), жөніндегі
техникалық деректері мен сипаттамаларымен, оның құрылғысымен, сонымен қатар
құрылғыны сақтау және пайдалану бойынша ережелермен танысуға арналған.
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУ АЯСЫ
Бұл құрылғы тек тұрмыстық мақсатта осы Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына
сәйкес үй тұрмыс жағдайында ғана пайдалануға арналған:
тұрақты тұрғылықты мекенжайларда және уақытша тұруға арналған үй-жайларда;
қонақ үйлерде, және басқа да уақытша тұруға арналған жанұялық демалыс орындарында
сондай-ақ түнеуге және таңғы асты ішуге арналған орындарда пайдалануға арналған.
Өндіруші осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта қарастырылмаған немесе дұрыс
пайдаланбаудың нәтижесінде туындаған залал үшін жауапты емес.
Назар аударыңыз
Осы берілген нұсқаулықтағы қауіпсіздік жөніндегі ескертулер мен нұсқаулықтың маңызды
шаралары сужылытқышты пайдалану барысында туындайтын барлық қауіп төндіретін
шарттар мен жағдайларды қамтымайды. Сонымен күтпеген сипаттағы оқиғаларға жататын
тұтынушының назарлығы, оның қателігі немесе ұқыпсыздығына байланысты барлық
бақылауға жатпайтын факторлардың алдын алу мүмкіншілігі жоқ болғандықтан,
құрылғыны пайдалану барысында тұтынушы өз қауіптісіздігі үшін жоғарыда аталған
барлық факторларды ескере отырып, қауіпсіздік жөніндегі шарттарға қатысты барлық
сақтау шараларын ескеруі тиіс.

Содержание

Скачать