Polaris PWH IMR 0880 V [37/52] Қ олдану ма қ саты мен пайдалану саласы

Polaris PWH IMR 0880 V [37/52] Қ олдану ма қ саты мен пайдалану саласы
37
Қауіпсіздік жөніндегі талаптар
1) Міндетті түрде сужылытқышты қосар алдында, оны суға толтырыңыз. Ол үшін сумен
жабдықтайтын суқұбырының жалпы тиегін, сондай-ақ, ыстық су тиегін ашыңыз. Құрылғы
суға толған кезде, жоғары қуаттылықта ыстық су бар күшімен тетігінен аға бастайды.
Назар аударыңыз! Құрылғы суға толған кезде ғана жылыту элементін электр желісіне
қосуға болады.
2) Сужылытқышты орнату немесе қолдану алдында электрмен қоректендіру көзінің
кернеуі, құрылғының техникалық кестешесінде көрсетілген техникалық талаптарына және
сипаттамаларына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
3) Құрылғы жерге тұйықталған болуы тиіс.
4) Орталық сумен қамтамасыз ету желісінде су болмаған жағдайда, құрылғыны электр
желісінен ажыратыңыз.
5) Егер сужылытқыш қыс кезінде және температурасы төмен аудандарда ұзақ мерзім бойы
қолданылмаса, сужылытқыштан су шығарылуы тиіс. Ол үшін: сужылытқышқа суық су
жіберетін тиекті жабыңыз, содан кейін смесительдегі ыстық су кранын ашыңыз, сондай-ақ,
сақтандыру қақпақшасындағы тұнба суды шығаратын қылтаны ашып (күйіп қалмас үшін
мұқият болыңыз), суды төгіңіз.
6) Сужылытқыш ұзақ мерзімде қолданылмайтын болса, оны міндетті түрде электр
желісінен ажыратыңыз.
7) Құралда ақаулық пайда болған жағдайда арнайы сатушыға немесе авторланған қызмет
көрсету орталығының білікті маманынмен хабарласыңыз (қызмет көрсету орталығының
координатасының тізімі пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және www.polar.ru сайтында
көрсетілгіен).
8) Аталмыш құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда,
білімі мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық
ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған.
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
9) Сужылытқыштың бөшкесінде бактериялардың көбеюіне және судың «көгеріштенуіне»
жол бермес үшін судың температурасын сақтауды 60°С-тан жоғары орнатылуы тиіс.
10) Судың сапалы болуын қамтамасыз ету және сужылытқыштың ұзақ жылдар
бойы қызмет көрсетуі үшін, анодты жылына 1 рет ауыстырып отырыңыз.
11) Назар аударыңыз! Сужылытқыштың ішіндегі суды ішуге болмайды, сондай-ақ,
оны тағам дайындау үшін пайдалануға тыйым салынады.
Электр жинақтаушы сужылытқыш пәтерлерді, саяжайларды, моншалар мен басқа да
тұрмыстық ғимараттарды ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған.
1. Қауіпсіздік жөніндегі талаптар.
Өндіруші ескертеді, осы нұсқаулықта қарастырылған немесе аталған техникалық
талаптарын тиісінше орындамау, сонымен бірге құрылғының құрылымдарын өзбетінше
«жетілдіру», тұтынушының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Электрлі жалғау «3.3.Электр сымына жалғау» бөліміндегі нұсқауларға сай жүргізілуі керек.
Құралдың жиынтығына кіретін сақтандыру қақпақшасын бітеуге немесе жинаққа кіретін.
Қолдану мақсаты мен пайдалану саласы

Содержание

Скачать