Polaris PWH IMR 0880 V Инструкция по эксплуатации онлайн [38/52] 537178

Polaris PWH IMR 0880 V Инструкция по эксплуатации онлайн [38/52] 537178
38
Сужылытқыштың монтаж және электрлік қосу жұмыстарын қажетті біліктілігі бар
мамандар жүргізеді.
Назар аударыңыз! Сужылытқыштардың тік қойылатын модельдерді көлденең орнату, ал
көлденең қойылатын модельдерді тік орнатуға тыйым салынады.
Сужылытқышқа жалғанатын шлангтер және байланыстар 12 барға (1,2 MPa) дейінгі қысымды
және 10С-қа дейінгі температураны көтеруі тиіс.
Құрылғы міндетті түрде жерге тұйықталған болуы керек.
Егер аппарат қыс маусымында пайдаланылмаса (мысалы саяжайда), онда құрылғының
бұзылу қаупінің алдын алу үшін сужылытқышты тоқтан ажыратып, аппараттағы суды төгіп
тастау керек.
Сужылытқыш қысымы 0,05 және 0,7 МРа дан аспайтын және ыстық су болмайтын (үнемі
немесе уақытша) су құбырына жалғанады. Қысым 0,45 0,7Мра болған жағдайда
төмендететін редукторды орнату қажет.
Назар аударыңыз! Сужылытқышты тек жерге тұйықталған электр желісі бар үйлерге
орнатуға болады.
Назар аударыңыз! Сужылытқышты тек бірфазалы кернеуге қосуға болады.
Назар аударыңыздар!
Кез келген ақау орын алған жағдайда уәкілетті сервис орталығына хабарласыңыз
2. Техникалық сипаттамасы.
1. Құрал бір уақытта бірнеше су тұтынушыны қамтамасыз ете алады.
2. Құралдың ішкі қабырғасы жоғары сапалы тоттанбайтын болаттан жасалған.
3. Құрылғының су температурасын узақ уақыт бойы сақтап, жылуоқшаулайтын ерекшелігі
бар.
4. Су қысымының ауытқуынан сақтануы (мысалы, су қысымы 7 бардан (0,7 МРа) асқанда ,
автоматты түрде қысым төмендейді).
5. Күйіп кетуден сақтануы.
6. Температураны реттеу 30°С – 75°С аралығында жүзеге асырылады.
7. Жұмыс индикаторы, температура көрсеткіші, температура ретеуіші, қуаттылығын
ауыстырып-қосқыш және сужылытқышқы екі полюсті термосақтандырғыш орнатылған.
Жұмыс кезінде сужылытқыштың бөшкесі үнемі суық су желісінің қысымында болады.
Суды қазандықтың төменгі бөлігіндегі жылыту элементі жылытып тұрады. Ыстық суды
қолданған жағдайда, қазандықтың төменгі бөлігіне баратын суық су, қазандықтың жоғарғы
бөлігіндегі құбыр бойымен ағып кележатқан жылыған суды, ыстық су таралатын жүйеге
қарай ығыстырады.
Су жылыған кезде жұмыс индикаторы жанады. Судың температурасы бекітілген
температураға жеткен кезде термостат қыздырушы элементін автоматты түрде электр
жүйесінен ажыратады. Температура көрсеткіші бөшкедегі судың шамаланған
температурасын көрсетеді. Ал судың температурасы төмендеген кезде сужылытқыш
автоматты түрде іске қосылады.

Содержание

Скачать