Polaris PWH IMR 0880 V Инструкция по эксплуатации онлайн [44/52] 537178

Polaris PWH IMR 0880 V Инструкция по эксплуатации онлайн [44/52] 537178
44
Сақтандыру қақпақшасын бұрандалау кезінде сындырып алмас үшін, шектен тыс күш
жұмсамаңыз.
Сақтандыру қақпақшасы екі түрлі қызмет атқарады:
- суды тек бір бағытта өткізеді (теріс қақпақша болып табылады).
- қысым 7 бардан асқан кезде суды қыр жағындағы (жанындағы) тесік арқылы ығыстырады
(7 барға калибрленген).
Қыздыру режимінде сақтандыру қақпақшасының дренаж тесігінен су тамшылауы
мүмкін, бұл қалыпты жағдай болып табылады және су жылыту кезіндегі бөшкедегі судың
көбеюіне байланысты. Қақпақшаның тетігін су шығару жүйесіне иілмелі түтікше арқылы
орнатуды ұсынамыз.
Қақпақшаның тесігін ешқандай жағдайда да жабуға болмайды!
Егер магистральдағы судың қысымы 4,5 бардан (0,45 МРа) асса, су жолына қысым
реттеуішін орнату керек.
Бұл сужылытқыш жабық типтегі қыздырғыш болып табылады, сондықтан оған
бірнеше су тұтыну көздерін жалғауға болады.
Су көздеріне жалғау сызбанұсқасы төменде көрсетілген.
3.3 Электрлік жалғау.
Назар аударыңыз! Сужылытқышты токқа қоспас бұрын сужылытқыштың багі суға
толы екеніне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны тек қана жерге тұйықталған желіге қосылуы қажет.
1. Жерге тұйықталудың беріктігін қамтамасыз ету қажет.
Назар аударыңыз: егер сужылытқыш тұйықталмаған болса, қысқа мерзімге
тұйықталу кезінде жеткізілім жиынтығына кіретін ҚӨҚ (қорғаныс өшіру
құрылғысы) іске қосылмауы мүмкін.
2. 220 вольт и 50 Гц кернеулі энергия көздерін қолданыңыз.
3. Желілі розетканың номиналды параметрі қыздырғыштың электрлі параметрінен
кем болмауы керек.

Содержание

Скачать