Ariston LUCE 7OFK 837J X [47/48] Пеш есігін тазалау

Ariston LUCE 7OFK 838J CX [47/48] Пеш есігін тазалау
KZ
47
Пеш есігін тазалау
Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш емес
тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ шүберекпен
мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты немесе өткір
темір қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар әйнек
бетін тырнап, оның сынуына әкелуі мүмкін.
Мұқият тазалау үшін пештің есігін алып тастауға болады.
1. Пеш есігін толық ашыңыз (сызбаны қараңыз).
2. Шығарып алу үшін бұрағышты пайдаланыңыз және
F екі ілгекке орналасқан (сызбаны қараңыз) кішкентай
тұтқаларды бұраңыз.
F
3. Есікті екі жағынан қатты ұстап,
жартылай жабыңыз. Оны өзіңізге
қарай орнынан көтере тартыңыз
(сызбаны қараңыз).*
Есікті орнына қою үшін осы іс
ретін кері орындаңыз.
Тығыздағыштарды тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп тұрыңыз.
Егер тығыздағыштар зақымдалған болса, жақын жердегі
Сатудан кейін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз
(«Көмек» бөлімін қараңыз). Тығыздағыштар
ауыстырылғанға дейін пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Шамды ауыстыру
Пештің шамын ауыстыру
үшін:
1. Шам ұясының шыны
қақпағын алыңыз.
2. Шамды алып, оны
сондай басқа шаммен
ауыстырыңыз: Қуаты 25
Вт, цоколі E 14.
3. Шыны қақпақты
орнына қойыңыз (сызбаны
қараңыз).
! Пеш шамын бөлмені жарықтандыру үшін
қолданбаңыз.
Сырғымалы тартпалар жиынын
орнына салу
Сырғымалы тартпаларды
құрастыру үшін:
1. Екі жақтауды A бөлгіштерінен
алысырақ көтеріп, шығарыңыз
(сызбаны қараңыз).
2. Сырғымалы тартпамен
қайсы сөренің
пайдаланылатынын
таңдаңыз.
Сырғымалы тартпа
шығарылып алынатын
бағытқа назар аудара
отырып, B ілмегін, одан
кейін С ілмегін жақтауға
орналастырыңыз.
3. Пеш қабырғаларындағы
тесіктерді пайдаланып,
бағыттаушы жолдардың
көмегімен бекітіңіз (сызбаны
қараңыз).
Сол жақ жақтауға арналған
тесіктер жоғарыда, ал оң
жақ жақтау үшін тесіктер
төменде орналасқан.
4. Ең соңында жақтауларды A бөлгіштеріне
орналастырыңыз.
! Сырғымалы тартпаларды 5-позицияға қоймаңыз.
A
B
C
D

Содержание

Скачать