Vitek WX-4001 MS [29/48] Қазақ

Vitek WX-4001 MS [29/48] Қазақ
ҚАЗАҚ
29


Құрылғыны қосу, пайдалану немесе баптау
алдында, нұсқаулықты зейін қойып оқып
шығыңыз. Осы нұсқауда құрылғыны пайдалану
бойынша келтірілген барлық ескертулер мен
ұсыныстарды сақтау қажет.
Нұсқауды сақтаңыз, оны келешекте
анықтамалық мәліметтер ретінде
пайдаланыңыз.



Ескерту: Өрт қаупінің пайда болуын немесе электр
тоғының соғуын болдырмас үшін құрылғыны
жаңбырдың немесе ылғалдың әсеріне ұшыратпаңыз.
Электр тоғының соғуын болдырмас үшін
құрылғының корпусын өз бетіңізше ашпаңыз.
Сервистік қызмет көрсетуді сервис орталықтарының
білікті мамандары ғана жүзеге асыруы керек.

Тең қабырғалы үшбұрыштың ішіндегі
найзағай белгісі пайдаланушыға
электр тоғының соғу қаупі бар,
құрылғының корпусының ішінде
қауіпті тоқ кернеуінің бар екендігін
көрсетеді.

Тең қабырғалы үшбұрыштың
ішіндегі леп белгісі пайдаланушыға
пайдалану нұсқаулығының
мазмұнында маңызды ұсыныстар
бар екендігін көрсетеді

Қ





















Берілген өнім 1 ТАПТЫҢ ЛАЗЕРЛІК
ҚҰРЫЛҒЫСЫ ретінде жіктеледі. Сәйкес
жапсырма құрылғының артқы панелінде
орналасқан және құрылғы лазерлік
сәулелерді пайдаланатынын білдіреді.
Егер аспапты ашпаса, лазерлік сәулелену
мүмкіндігі болмайды. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІЛІКТІ МАМАНДАРЫ
ҒАНА АСПАПҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУЫ КЕРЕК.


Электр желісіндегі кернеудің құрылғының
жұмыс істеу кернеуіне сәйкес келуін тексеріңіз
Өрттің пайда болуын немесе электр
тоғы соққысын болдырмау үшін бұл
құрылғыны жоғары ылғалды жерлерде
орналастырмаңыз (жуынатын бөлмелердің,
суы бар шылапшындардың, асханалық
бақалшақтардың, кір жуатын машиналардың,
жүзу хауыздарының қасында, дымқыл
жертөлелерде және т.с.с.) Құрылғыға
тамшылардың немесе шашырандылардың
тиюін болдырмаңыз. Аспапты суға салуға
тыйым салынады.
Розеткалар мен ұзартқыштарды шамадан тыс
жүктемеңіз, себебі бұл өртке немесе электр
тоғымен зақымдануға соқтыруы мүмкін.
Бұзылу жағдайында желілік баудың айыр
тетігін розеткадан тез арада ажыратуға
мүмкін болатындай етіп бұл құрылғыны
орналастырыңыз. Құрылғыны жазық бетте
орналастырыңыз.
Құрылғыны найзағай уақытында, сонымен
қатар Сіз оны ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын
жағдайларда қосымша қорғау үшін, құрылғыны
электрқорегі розеткасынан ажыратыңыз. Бұл
найзағай ұрғанда немесе электр желісіндегі
секірулерден құрылғының істен шығуын
болдырмайды.
Желілік бауды ажырату үшін тікелей айыр
тетіктен ұстаңыз, ешбір жағдайда баудан
тартпаңыз.
Электр тоғы соққысын болдырмау үшін құрылғы
қорабын өз бетіңізбен ашпаңыз. Аспапты
жөндемеңіз және оған өзгертулер енгізбеңіз.
4001Instruk_ital.indd 29 15.11.2011 14:09:02

Содержание

Скачать