Vitek WX-4001 MS [30/48] Қазақ

Vitek WX-4001 MS [30/48] Қазақ
ҚАЗАҚ
30
Қызмет көрсету орталықтарының білікті
мамандары ғана сервистік қызмет көрсетуді
жүзеге асыруы керек.
Құрылғыны желдетісі жеткілікті жерлерде
орналастырыңыз. Желдететін саңылауларды
бүркеп жаппаңыз.
Құрылғыны жылу көздерінің, мысалы,
радиаторлардың, электр жылытқыштардың,
тандырлардың және жылу көзі болып
табылатын басқа құрылғылардың (оның ішінде
зорайтқыштардың) қасында, сонымен қатар
тікелей күн сәулелерінің әсеріне, шамадан тыс
шаңдануға немесе механикалық соққыларға
ұшырайтын жерлерде орналастырмаңыз.
Құрылғыға майшам сияқты, ашық от көздерін
қоймаңыз.
Егер қосылған аспаптың қасында балалар
немесе мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар
болса аса назар болыңыз, оларды қараусыз
қалдырмаңыз.
Құрылғы қорабындағы саңылаулар арқылы
қандай да бір бөтен заттардың түсуіне жол
бермеңіз, бұл құрылғының өртенуіне және
электр тоғымен зақымдануға әкелуі мүмкін.
Егер солай болған жағдайда, құрылғыны
желіден ажыратыңыз және келешекте оны
пайдалану үшін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тыңдағыштар арқылы деңгейі жоғары дыбысты
жаңғыртпаңыз. Дәрігерлер тыңдағыштар
арқылы ұзақ үздіксіз тыңдауды ұсынбайды.
Жөндеуді қажет ететін бұзылулар
Төменде сипатталған жағдайларда құрылғыны
розеткадан ажырату және құрылғыны жөндеу
үшін білікті қызмет көрсетушілерге хабарласу
қажет:
• Желілік баудың немесе айыр тетіктің
бұзылуы
• Құрылғыға бөтен заттар түсуі.
• Құрылғының жаңбырдың астына түсуі
немесе оған су төгілуі.
• Құрылғы дұрыс істемейді.
• Құрылғы құлауы немесе қандай да бір
басқа жолмен бұзылуы.
• Құрылғы жұмысында айқын өзгерістер
байқалуы.
Құрылғының күтімі
Тазарту алдында құрылғыны розеткадан
ажыратыңыз. Құрылғыны тазалау үшін
жұмсақ дымқыл шүберекті пайдаланыңыз.
Бұл мақсаттарға сұйық немесе аэрозолды
тазартқыш заттарды пайдалануға тыйым
салынады.
Дискілер күтімі
Шытынаған немесе деформацияланған
дискілерді пайдаланбаңыз, бұл құрылғының
бұзылуына әкелуі мүмкін.
Дискілерді тек шеттерінен ұстаңыз. Дискінің
жұмыс бетіндегі шаң, сызат немесе саусақ
іздері оның істен шығуына әкелуі мүмкін.
Дискілерді тікелей күн сәулелерінің, жылу
көздерінің, жоғары температура мен
ылғалдылықтың әсеріне ұшыратпаңыз.
Пайдаланғаннан кейін дискіні сауытқа салып
сақтаңыз. Дискінің жұмыс бетін жұмсақ
шүберекпен ортасынан шетіне қарай тұрақты
сүртіп тұрыңыз.
Жұмысты бастау алдында
Магнитоланы ораудан шығарыңыз.
Пайдалануды бастау алдында CLOSE/OPEN
батырмасын басыңыз және қорғайтын
қыстырманы шығарыңыз.
Магнитоланың жұмысына кедергі болатын,
құрылғының жоғарғы және беткі жағындағы
барлық жарнамалық жапсырмаларды
жойыңыз.
АСПАП СИПАТТАМАСЫ
1. VOLUME дыбыс деңгейін реттеу тұтқасы
2. Сыртқы құрылғыны қосуға арналған AUX
IN енуі
3. Тыңдағыштарды қосуға арналған ұя
4. FUNCTION (MP3(AUX)/TAPE(OFF)/
RADIO) құрылғы жұмысы режимдерінің
ауыстырғышы
5. Таспалықлық деканы басқару
батырмалары (PAUSE /STOP-EJECT /
FWD / REW /PLAY /RECORD)
6. OPEN/CLOSE дискілерге арналған бөлікті
ашу ойығы
7. BAND (FM ST. /FM/AM) ауқымдар
ауыстырғышы
8. USB-ену
9. FM –антенна
10. TUNING радиостанцияларды баптау
тұтқасы
11. батареялық бөлік қақпағы
12. электр желісіне қосылуға арналған ұя
13. PLAY/PAUSE/USB жаңғырту/тоқтата тұру
және USB режиміне көшу батырмасы
14. STOP ■ жаңғыртуды тоқтату батымасы
15. FM ST стереорежим көрсеткіші
4001Instruk_ital.indd 30 15.11.2011 14:09:02

Содержание

Скачать