Атлант М-7606-080-N Grey Инструкция по эксплуатации онлайн [14/68] 562203

Атлант М-7606-080-N Grey Инструкция по эксплуатации онлайн [14/68] 562203
14
KAZ
қабырғасы мен артқы тіреулер жасайтын мұздатқыштың артқы
қабырғасындағы саңылауды жабуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Егер мұздатқыш үстінде және оның бүйір жақтарынан бос
кеңістік жоқ болса, мұздатқышты қуысқа орнатуға ТЫЙЫМ СА-
ЛЫНАДЫ (3.2 қар.).
НАЗАР АУРАДЫҢЫЗ! Мұздатқышты металл раковина-
лар, су, жылыту, канализация және газбен қамту құбырлары,
басқа да металл жерге қосылған коммуникациялармен жа-
настыра орнатуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Электр және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мыналарға
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
мұздатқышты тоқтың асқын жүктелулерінен жарамсыз
қорғанысы бар электр желісіне қосу. Электр желісінде 10 А тоққа
есептелген қорғаныс құрылғысы болуы тиіс.
мұздатқышты электр желісіне қосу үшін өткізгіштер,
көпорынды розеткалар (екі және одан көп қосу орындары бар)
және ұзарту бауларын пайдалану;
дымқыл қолдармен розеткаға қоректендіру сымының аша-
сын салуға және суыруға;
мұздатқышты электр желісінен қоректендіру сымынан ұстап
ажыратуға;
мұздатқыш ішінде жарылуы мүмкін не жарылғыш заттарды,
сондай-ақ тез тұтанатын пропелленттері бар аэрозоль баллон-
дарын сақтауға болмайды;
мұздатқышта қататын сұйықтықтары бар шыны ыдыстар
сақтау;
мұздатқыш үстіне басқа электр аспаптар орнату
(микротолқынды пеш, тостер және т.б.), сонымен қатар,
электросым элементтеріне ылғалдың тиюінің алдын-алу үшін
сұйықтықтары бар ыдыстар, бөлме өсімдіктерін.
2.7 Мұздатқышты жөндеуді тек қана сервистік қызметтің білікті
механигі орындауы тиіс, себебі біліксіз орындалған жөндеуден
кейін бұйым қауіп көзіне айналуы мүмкін.
2.8 Мұздатқыш жұмысында электр шыртылының, түтіндену
және т.б. пайда болуымен байланысты ақаулық орын алған
жағдайда, мұздатқышты дереу электр желісінен ажыратып, ро-
зеткадан қоректендіру бауының ашасын шығарып, және сервистік
қызмет механигін шақырған жөн. Өрт орын алған жағдайда
мұздатқышты дереу электр желісінен ажыратып, өрт сөндіру
шараларын қабылдап және өрт қызметін шақыру қажет.
2.9 Мұздатқыштың қызмет ету мерзімі 10 жыл.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мұзатқыштың қызмет ету мерзімі
аяқталғаннан кейін өндіруші бұйымның қауіпсіз жұмыс
істеуі үшін жауапкершілік жүктемейді. Ары қарай пайда-
лану қауіпті болуы ықтимал, себебі материалдың табиғи
ескеруі және мұздатқыштың құрама бөлшектерінің тозуы
салдарынан электро- және өрт қауіпі жағдайлары орын алу
ықтималдылығы едәуір артады.
3 МҰЗДАТҚЫШТЫ ОРНАТУ
3.1 Мұздатқышты күн сәулелері түспейтін жерге, жылыту
аспаптарынан кем дегенде 50 см қашықтықта орнату қажет (газ
және электр плиталар, пештер және жылыту радиаторлары).
3.2 Мұздатқыш үстінде және оның бүйір жақтарынан ауаның
алмасуы үшін кем дегенде 5 см бос кеңістік болуы тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мұздатқыш корпусында не
кіріктірілетін құрылымда орналасқан желдету тесіктерін
бітеп тастамаңыз.
Мұздатқыш үстіне 5 см жақын жерде кез-келген аспалы
жабдық орналастыруға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
3.3 Мұздатқышты 1 суретпен сәйкес реттелетін тіректерді
бұрай отырып, еденге қатысты көлбеуінен қойған жөн. Мұздатқыш
тіректер мен аунақшаларына тұрақты тұруы тиіс.
Есіктің өздігінен жабылуы үшін мұздатқышты тіректерін бұрай
отырып, аздап артқа қисайта орнату ұсынылады.
4 МҰЗДАТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДАУ
4.1 Мұздатқашты тасымалдаудан соң электр желісіне қосу
алдында жарты сағаттан кем емес ұстаған жөн.
Мұздатқашты қоршаған орта температурасы 0
0
С-ден төмен
кезде тасымалдаудан кейін ашылған есігімен бөлме температу-
расында 4 сағаттан кем емес ұстаған жөн.
4.2 Жинақтаушыларын орау материалдарынан босату.
Мұздатқыштың боялған сыртқы бетін жылы суда немесе жылы
суда дайындалған болмашы сабын езіндісінде суланған жұмсақ
матамен жуу қажет. Мұздатқыштың ішіндегі толымдағыштарын
және пластмассадан жасалынған бетін жылы суда дайындалған
болмашы сабын немесе сода езіндісінде (1 л суға 1 шәй қасық
ас содасы) дымқылдап алып жұмсақ матамен жуу қажет. Содан
кейін таза суда дымқылданған жұмсақ матамен сүртіп шығып,
құрғағанша сүрту қажет. Мұздатқышты жақсылап желдету қажет.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ: мұздатқышты жуу кезінде түрпілі
элементтері бар ысқышты, түрпілі пасталарды, құрамында
қышқыл бар жалтырататын және жуу құралдарын, еріткіштерді,
сонымен бірге ыдыс жууға арналған құралдарды қолдануға.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 2 суретпен сәйкес оның ішінде
орналастырылған мұздатқыш туралы толық ақпараты бар
табличканы алмаңыз. Аталмыш ақпарат күллі қызмет ету
мерзімінде мұздатқышқа техникалық қызмет көрсету және
жөндеу үшін маңызды.
4.3 Артқы тіреулерін орнату: 3 суретпен сәйкес тіреуіштің тік
бұрышты шығыңқысын конденсатордың темір шыбықшалары
арасына орналастырыңыз, содан кейін тіреуішті 90
0
-қа бұрыңыз.
4.4 Мұзатқыштың есігін оң жаққа ашылуы үшін қайта тағуға
болады. Пластмасс бөлшектерінің сынуын болдырмау үшін, есікті
қайта ілуді тек қана сервис қызметінің механигі орындауы тиіс.
Есіктерді қайта көтеру сервис қызметінің прейскуранты бойнфша
ақылы жүргізіледі.
5 МҰЗДАТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
5.1 МҰЗДАТҚЫШТЫ ҚОСУ
5.1.1 Мұздатқышты электр желісіне қосу: қоректендіру
бауының ашасын розеткаға енгізу.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мұздатқышты электр желісінен кейін
бірден қосуды кем дегенде 5 минөттен кейін орындаған жөн.
5.1.2 Мұздатқышты қосымшамен сәйкес қосу мұздатқыш
«Сақтау» режимінде жұмыс істейді,ол қатырылған тағамдардың
сапалы сақталуын және шағын салмақты жаңа өнімдердің
қатырылуын қамтамасыз етеді.
5.1.3 «Мұздату» режимі (кейбір модельдерде
«Супермұздату» функциясы) жаңа піскен өнімдерді тездетіп
мұздатуға арналған. «Мұздату» режимін алдын-ала,
мұздатқышты жаңа піскен азық-түліктермен толтыруға дейін
24 сағат бұрын қосқан және азық-түліктерді жүктегеннен кейін
24 сағаттан кейін өшірген жөн.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр энергиясының шығынын
үнемдеу мақсатында «Мұздату» режимі массасы 12 кг
аспайтын жаңа піскен азықүліктерді жүктеуге дейінгі 6
сағат бұрын қосылуы мүмкін (М-7606-N басқа).
5.1.4 Мұздатқыштағы температура қоршаған орта температу-
расына, сақталатын және қайта салынатын тағамдар мөлшеріне,
есікті ашу жиілігіне, жайдағы мұздатқыштың орнатылған орнына
тәуелді және қосымшамен сәйкес реттеледі.
3 сурет 1 сурет 2 сурет
артқы тіреутіреу табличка
Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является

Содержание

Похожие устройства

Скачать