Haier HWD80-BP14959A — жуғыш затқа арналған контейнер және функциялар туралы нұсқаулық [45/107]

Haier HWD80-BP14959A [45/107] Функцияларды орындау түймелері
KZ
3 - Басқару үстелі
3.4 Жуғыш затқа арналған контейнер
Контейнерді ашқанда сіз келесі компоненттерді көре
аласыз (3-5 сурет):
1. Ұнтақ немесе сұйық жуғыш реагентке арналған бөлік.
2. Бөлгіш (Ұнтақты реагентті қолдану үшін бөлгішті
көтеру керек. Сұйық реагентті пайдалану үшін бөлгішті
төмен түсіру керек).
3. Кондиционерге арналған бөлік.
4. Контейнерді ашу үшін бекіткішті басыңыз.
Əр түрлі жуу температурасына сəйкес келетін жуғыш зат
түріне қатысты ұсыныстар алу үшін, жуғыш затты
пайдалану туралы нұсқауларды қараңыз (17-бет).
3.5 Функцияларды орындау түймелері
Бұл батырмалар (3-6 сурет) циклды бастамас бұрын
таңдалған бағдарламаға қосымша опцияларды пайдала-
нуға мүмкіндік береді. Дисплейде тиісті индикаторлар
көрсетілген. Кір жуғыш машинаны өшіргеннен кейін
немесе жаңа бағдарламаны таңдағаннан кейін қосымша
функциялар ажыратылады.
Егер батырма бірнеше опцияға бағдарламаланса,
қалаған опция батырманы кезекпен басу арқылы іске
қосылады.
Ескерту: Зауыттық баптаулары
Жақсы нəтиже алу үшін əрбір Haier бағдарламасында белгілі бір əдепкі параметр-
лер болады. Арнайы талаптар болмаған жағдайда əдепкі параметрлерді пайдалану
ұсынылады.
3.5.1 «Қосуды кідірту» (Отл. старт) функциясы
Кідіртуі бар бағдарламаны іске қосу үшін мына батырманы басасыз (3-7 сурет).
Уақытты кешіктіруді 30 минуттық қадаммен орнатуға болады (0,5 сағаттан 24
сағатқа дейін). Мысал. Егер дисплейде «6:30» индикаторы пайда болса, бұл
бағдарлама циклінің аяқталуы 6 сағат 30 минуттан кейін пайда болады дегенді
білдіреді. Функцияны іске қосу үшін «Қосуідірту» түймесін басыңыз. Кешіктіріп
бастау уақыты бағдарламаның орындалу уақытынан аспауы керек. Əйтпесе,
бағдарлама бірден басталады. Бұл функция келесі бағдарламалар үшін қолда-
нылмайды: «Сығу» (Отжим) жəне «Барабанды тазалау» (Очистка барабана).
Ескерту: Сұйық жуғыш зат
Сұйық жуғыш затты қолданған кезде кешіктіріп бастау функциясын қолдану
ұсынылмайды.
3.5.2 «Бумен өңдеу» (Пар) функциясы
Бумен пайдаланып бағдарламаны таңдау үшін осы батырманы басыңыз
ур.3-8). Осы аталған бағдарламаны таңдаған соң өздігімен температура
орнатылатын болады.
Отл.старт
Пар
Қажет болғанда осы функцияны «Мақта» (Хлопок), «Синтетика», «Аралас
маталар» мешанные ткани), «Балалар киімі» (Детская одежда), «Төсек-орын
жабдығы» остельное белье), «Гигиена» режимдерін қойғанда таңдауға
болады. Функция таңдалған кезде дисплейде тиісті белгіше жанады.

Содержание

Контейнердің компоненттері мен жуғыш затты пайдалану нұсқаулары. Функцияларды орындау түймелері мен бағдарламаларды таңдау туралы ақпарат.