Haier HWD80-BP14959A — инструкция по эксплуатации стиральной машины: подготовка, мойка, программы стирки [53/107]

Haier HWD80-BP14959A [53/107] Күнделікті пайдалану
KZ
6 - Күнделікті пайдалану
6.6 Жуғыш зат қосу
1. Жуғыш заттың контейнерін шығарыңыз.
2. Жуғыш заттарды тиісті бөліктерге салыңыз (6-4 сурет)
3. Контейнерді абайлап жабыңыз.
Ескерту
► Жаңа жуу циклын бастамас бұрын, жуғыш заттың қалдықтарын науадан алыңыз.
► Науаға жуғыш заттардың немесе кондиционердің артық мөлшерін салмаңыз.
► Жуғыш заттың қаптамасында көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
► Жуу циклын бастамас бұрын жуғыш затты науаға салыңыз.
► Концентрацияланған сұйық жуғыш затты науаға қоспас бұрын сұйылту керек.
► «Қосуды кідірту» режимі таңдалған жағдайда сұйық жуғыш затты пайдаланбаңыз.
► Бағдарлама параметрлерін киім жапсырмаларындағы белгілерге сəйкес жəне бағдарла-
маларды таңдау кестесіне сəйкес мұқият таңдаңыз.
6.7 Кір жуғыш машинаны қосу
Құрылғыны қосу үшін қуат көзі түймесін
басыңыз (6-5 сурет).
6.8 Бағдарламаны таңдау
Жуудың жақсы нəтижелерін алу үшін ластану дəрежесі
мен матаның түріне сəйкес келетін бағдарламаны
таңдаңыз.
Қолайлы бағдарламаны таңдау үшін бағдарлама
қосқышының тұтқасын бұраңыз (6-6 сурет). Тиісті
бағдарламаның жарық индикаторы жанады. Дисплей-
де əдепкі параметрлер көрсетіледі.
Ескерту: иісті кетіру
6.9 Жеке параметрлерді орнату
Қажет болса, қажетті опциялар мен параметрлерді
таңдаңыз (6-7 сурет). «Басқару үстелі» параграфын-
дағы түймелердің сипаттамасын қараңыз.
Алғашқы қолданар алдында «Барабанды тазалау» (Очистка барабана) бағдарламасын
іске қосу ұсынылады.Бағдарлама кірді жүктеместен басталады. Сондай-ақ, мүмкін
болатын коррозиялық қалдықтарды кетіру үшін науадағы (2) жуғыш заттың аз мөлшерін
немесе арнайы тазартқышты пайдалану керек.пайдалану керек.

Содержание

Полная инструкция по эксплуатации стиральной машины: подготовка к работе, выбор программ стирки, настройка параметров, безопасность и уход за техникой для эффективной и долговечной работы.