Gorenje OGBS50SMSB6 [10/48] Техникалық қызмет көрсету және күтім

Gorenje OGBS50SMSB6 [10/48] Техникалық қызмет көрсету және күтім
10
KK
Сужылытқышты босату
Егер сужылытқыш электр желісінен ажыратылатын болса, қатып қалуды
болдыртпау үшін оның ішіндегі бар суды төгіп тастау қажет. Су сужылытқыштың
ену құбыры арқылы төгіледі. Осы мақсатта сақтандырғыш клапаны мен су
жіберу құбыры арасында дем шығаратын клапаны бар арнайы Т-түріндегі
қосқыш орнату керек. Сужылытқышты судан босатпас бұрын оны электр
желісінен ажырату, суық судың жіберілуін тоқтату, қосулы қоспалауыштағы
ыстық су жіберу кранын ашу және сужылытқыштағы су суығанға дайын күту
қажет. Сондай-ақ сужылытқыштағы суды төгу .шін тікелей сақтандырғыш
клапанды қодануға болады, ол үшін оның тұтқасын немесе кранды тексеру
кезіндегі күйге келтіру қажет. Ену құбыры арқылы су төгілген соң сужылытқышта
әлде де су қалады. Сондықтан келесі сужылытқышты сумен толтырған уақытта
қоспалауыштағы ыстық су кранын ашуға және кем дегенде 2 минут бойы судың
су ағатын құбырмен ағызуға кеңес беріледі (судың ағысы бірқалыпты, орта
қысыммен, қалыңдығы қалам тәрізді болуы тиіс).
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Сужылытқыштың сыртқы бетін жұмсақ матамен және тегіс лактелген беттерді
күтуге арналған агресивті емес сұйық тазарту құралдарымен тазарту қажет.
Құрамында спирті бар және қырғышы бар құралдарды қолданбаңыз.
Тұрақты техникалық тексеруден өткізу сужылытқыштың ұзақ мерзім және
үздіксіз қызмет етуіне септігін тигізеді. Бактың тоттануға ұшырамауына берілетін
кепілдік, тек қана қорғаныс анодының ескіруі бойынша көрсетілген тұрақты
тексерулерден өтіп отырғанда ғана жарамды болады. Жеке техникалық
тексерулер арасындағы мерзім ұзақтығы кепілдік талонында көрсетілген
мерзімнен артық болмауы тиіс. Техникалық бақылауды ресми сервис
орталығында қызмет атқаратын, бұйымның кепілдік талонына бақылау
жасалғандығы жайлы белгі қоюға құқылы маман жасауы тиіс. Техникалық
бақылау барысында маман тоттануға қарсы қорғаныс анодының күйін тексереді
және қажетті жағдайларда қолданылған судың сапасы, мөлшері мен
температурасына байланысты сужылытқыштың ішкі жағына қатып қалған
қақтарды алып тастайды. Сіздің сужылытқышыңыздың күйіне қарай маман
келесі техникалық бақылаудың қай кезде өткізілетіндігі жайлы кеңес береді.
Сізден сужылытқышты өздігінен жөндеуге тырыспай, сервистік қызметіне
өтініш жасауыңызды сұраймыз.
Ақаулар
Ақаудың
сипаттамасы
Индикациясы Әрекет
E1 Температура
құрылғысындағы
ақау
алаңындағы бақылау
индикаторының
қайталана 2-реттен тез
жанып-сөнуі
Сервис орталығына
хабарласу (сужылытқыш
істен шыққан).
E5 Қызып кету
(температура
>85 °C)
алаңындағы бақылау
индикаторының
қайталана 3-реттен тез
жанып-сөнуі
Температура орнатылған
деңгейден төмендеген
кезде ақау индикациясы
автоматты түрде сөнеді.

Содержание

Скачать