Gorenje OGBS50SMSB6 [9/48] Eco smart функциясын түймені басып қайта іске қосуға болады режим

Gorenje OGBS50SMSB6 [9/48] Eco smart функциясын түймені басып қайта іске қосуға болады режим
9
KK
салыстырғанда әлдеқайда төменгі деңгейде болады.
ТЭҚ жұмысы барысында, сужылытқыштағы су температурасы орнатылған
температура деңгейіне немесе өшіру үшін орнатылған температура деңгейіне
жеткенге дейін бақылау индикаторы қызыл түсте жанып тұрады (тек қана
"EcoBase" үлгілерінде). Сужылытқыштағы су температурасы индикаторда
көрсетіліп тұрады.
Егер сіз сужылытқышты ұзақ мерзім қолданбайтын болсаңыз, қатып қалуды
болдыртпау үшін температура реттеуішін " ". күйіне қоюға кеңес беріледі. Бұл
күйде тұрған сужылытқыштағы су температурасы шамамен қалыпты 10°C
болады.
Сужылытқыштың "EcoSmart" күйінде жұмыс атқаруы (тек қана "EcoSmart"
үлгілерінде)
Аталмыш күй әсіресе пайдаланушының ыстық суды қолдануы бойынша тұрақты
әдеті қалыптасқан жағдайларда өте тиімді болып табылады (мысалы:
пайдаланушы күн сайын бір уақытта душ қабылдайтын болса). Сужылытқыштың
"EcoSmart" күйінде жұмыс атқаруына өтуі үшін пайдаланушының ретке келтіру
жазбасын жазуды жүзеге асыру қажет. Жазу барысында электрондық реттеуіш
пайдаланушының барлық тұрақты әдеттерін жадына жазып алады да оларды су
жылыту барысында қолданады. Мәліметтерді жазу 7 күнге созылады.
"EcoSmart" күйінде жұмыс атқарып жатқан сужылытқышта электр энергиясы
үнемделеді.
түйме басылған кезде әдеттеріңіз жазыла бастайды. Жазу кезінде -ші
жасыл басқару шамы жыпылықтап тұрады. Жазу 7 күннен кейін аяқталған
кезде, жазылған режим автоматты түрде жұмыс істей бастайды. Жылытқыш
"EcoSmart" режимінде жұмыс істегенде, -ші жасыл басқару шамы жанып
тұрады.
Жазу реттеуішін немесе "EcoSmart" күйінде жұмыс атқаруды өшіру үшін
басқыш нүктесіне қайта басыңыз. Сужылытқыш негізгі жұмыс күйіне қайта
көшеді. Су орнатылған температура шамасына дейін жылиды.
"EcoSmart" функциясын түймені басып қайта іске қосуға болады. Режим
жазылып алынған болса (жазу үзілмеген болса), ол жұмыс істей бастайды. -
ші жасыл басқару шамы жанып тұрады. Жазу үзілген болса, жаңа 7 күндік
жазу кезеңі басталады. -ші жасыл басқару шамы жыпылықтап тұрады.
Егер ыстық суды қолданудың қалыпты шығыны өзгертілетін болса,
пайдаланушы реттеуішін қайта жазуға болады. Ол үшін басқыш нүктесін
басып және ұстап тұру қажет. Жаңа жазбаларды жазу ұзақтығы 7 күнге
созылады.
"Антилигионелла" қызметі
Су жылытқыштың 14 күннің ішінде 65 °C ға дейін су қызуы аспаған жағдайда,
"Антиллиогенелла" функциясы іске қосылады, Түтік Тәрізді Электрикалық
Жылытқыш суды 70 °C дейін және 120 минут бойы жылуды қамтамасыз етеді.
Ақаулардың индикациясы
Сужылытқыш жұмысында ақаулар пайда болғанда алаңдағы бақылау
индикаторлары жанып-сөне бастайды.

Содержание

Скачать