Gorenje OGBS50SMSB6 [5/48] Жинақтау

Gorenje OGBS50SMSB6 [5/48] Жинақтау
5
KK
қана уәкілетті сервистік қызметтер жүзеге асыра алады.
ЖИНАҚТАУ
Жылытқыш су жіберу орындарына анағұрлым жақын орнатылуы тиіс.
Сужылытқышты ванна немесе душ бар жайларда жинақтау барысында міндетті
түрде IEC 60364-7-701 (VDE 0100, 701 бөлімі) стандартының талаптарын ұстану
қажет. Қабырғаға бекіту нақты диаметрі 8 мм. ден кем болмайтын бұрама
шегелер арқылы жүзеге асырылады. Сужылытқыштың асылып тұратын босаң
жерлерін тиісті жолмен нығайту қажет. Жылытқыштар қабырғаға тек тік
қалпында орнатылуы керек (1.сурет).
Магнийлі анодын тексеру мен ауыстыруды жеңілдету үшін сужылытқыштың
үстіңгі беті мен қабырға арасында кеңістік қалдыруға кеңес беріледі ("Қосу және
монтаждау өлшемдері" суретінен G өлшеміне қарСипаты). Кері жағдайда
сервистік қызмет көрсету үшін сужылытқышты қабырғадан шешіп алуға тура
келеді.
Жылытқыштың біріктірктіретін және
жинақтайтын көлемдері [мм]
1 Сурет: Қабырғаға тігінен орнату
СУ ҚҰБЫРЫНА ҚОСЫЛУ
Суды жеткізу және бұру құбырлары әртүрлі түспен көрсетілген. Көк суық су,
қызыл ыстық су.
Жылытқышты су құбырына екі тәсілмен қосуға болады. Қосудың қысымды
(жабық) жүйесі бірнеше жерден судың тартылуын қамтамасыз етеді, ал
қысымсыз (ашық) жүйесі тек бір ғана жерден судың тартылуын қамтамасыз
етеді. Қосудың таңдалған жүйесіне қатысты тиісті қоспалауыш батареяларын
орнату қажет.
Қысымды (жабық) қосу жүйесінде (2.сурет) суды тарту орындарына қысым
теңестіргіші бар қоспалауыш қолдану қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
мақсатында сужылытқыш жұмыс істеп тұрған уақытта су жіберу құбырына,
нақты қысыммен салыстырғанда қысымның 0,1 МПа (1 бар) жоғарыға артуын
ескертіп тұратын сақтандырғыш клапанын немесе қауіпсіздік тобын орнату
қажет. Сақтандырғыш клапанындағы шығару саңылауы ауа кіріп тұруы үшін
үнемі ашық болуы тиіс. Жылыту барысында бактағы су қысымы сақтандырғыш
A B C G
OGBS 30 E5 510 310 235 180
OGBS 50 E5 690 470 250 260
OGBS 80 E5 950 735 245 360
OGBS 100 E5 1125 900 255 510
OGBS 120 E5 1300 900 430 510

Содержание

Скачать