Little Doctor LD3s [34/36] Қазақстан тұтынушыларына арналған ақпарат

Little Doctor LD3s [34/36] Қазақстан тұтынушыларына арналған ақпарат
34
KAZ
ҚАЗАҚСТАН ТҰТЫНУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
Атауы: Күретамырдың қан қысымын өлшеуге арналған аспап LD3s.
Қолданылуы: адам күретамырының систоликалық (жоғарғы) жəне диастоликалық
(төменгі) қан қысымын жəне тамырының соғысын осциллометрикалық əдіспен
өлшеу.
Ұсыныстар: Тек дипломды дəрігер ғана күнделікке жазылған деректер негізінде
Сіздің күретамырыңыздың қан қысымына талдау жасай алады. Есіңізде бол-
сын, гипертония диагностикасын жəне оған ем белгілеуді тек дипломды дəрігер
ғана өз бе
тімен алған күретамыр қан қысымының көрсеткіштері негізінде жүргізе
алады. Дəрі-дəрмектерді қабылдауды немесе қолданылатын дəрілердің бір
ішерлік мөлшерін ауыстыруды тек дəрігердің ұсынысымен ғана істеу керек.
Күретамырыңыздың қан қысымының дұрыс көрсеткіштерін алу үшін өлшеу кезінде
тыныштық сақтаған жөн. Күретамырдың қан қысымын өлшеудің дəлдігі аспап
көмкермесінің Сіздің білегіңіздің көлеміне сəйкестігіне байланысты. Көмк
ерме
кең де, тар да болмауға тиіс. Бұл аспап ересек адамдардың күретамырының қан
қысымын өлшеуге арналға, сондықтан егер баланың қан қысымын өлшеу қажет
болса, дəрігермен ақылдасқаныңыз жөн. Қан қысымын қайтадан өлшеу қажет
болса, есіңізде болсын, қан айналымы қалпына келуі керек. Сондықтан қайталап
өлшеуді тек 3-5 минуттан кейін ғана жүргізіңіз. Алайда, айқын атеросклерозбен ауы-
ратын адамдардың қан тамырлары созылмалылығын едəуір жоғалтатындықтан
өлшеулер арасында едəуір көбірек уақыт (10-15 минут) қажет болады. Мұның ұзақ
уақыт қант диабетімен ауыратын адамдарға да қатысы бар. Күре тамырдың қан
қысымын неғұрлым дəлірек анықтау үшін жалғасты 3 рет өлшеу жүргізіп, соның
орта мəнін алған дұрыс. Күре тамырдың қан қысымын неғұрлым дəлірек анықтау
үшін жалғасты 3 рет өлшеу жүргізіп, соның орта мəнін алған дұрыс.
Күту, сақтау, жөндеу жəне өтелге шығару: Бұл аспапты жоғары ылғалдылықтан,
тура түсетін күн сəулесінен, соққылардан сақтау қажет. Аспапты жылыту құралдары
мен ашық отқа тым жақын жерде сақтамаңыз жəне пайдаланбаңыз. Аспапты
ластанудан сақтаңыз. Аспаптың уытты ерітінділерге жанасуына жол бермеңіз.
Көмкермені жууға бо
лмайды. Көмкермені өткір заттардан сақтаңыз. Қажет болған
жағдайда жөндеу жұмыстарын тек мамандандырылған ұйымдарда ғана жүргізіңіз.
Белгіленген қызмет ету мерзімі бітерде аспаптың техникалық жағдайын тексертіп
алу үшін, ал егер оны өтелге шығару қажет болса, сол уақытта Сіздің аймақта
қолданыста болған өтелге шығару ережелеріне сəйкес ауық-ауық мамандарға
(мамандандырылған жөндеу ұйымдары) көрсетіп тұрған дұрыс.
Кепілдемелік міндеттемелер: Бұл аспапқа сатылған күнінен бастап 36 айға,
ал көмкерме мен электр қорегі көзіне 12 айға кепілдемелік мерзім белгіленген.
Кепілдемелік міндеттемелер аспап тұтынушыға сатыларда кепілдемелік талон-
мен ресімделеді. Кепілдемелік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ұйымдардың
мекен-жайлары кепілдемелік талонда көрсетілген. Аспаптың жасалған күні аспап
қорабының келесі жағындағы сериялы нөмірінде көрсетілген.

Содержание