Philips FC9304 [80/226] Абайлаңыз

Philips FC9304 [80/226] Абайлаңыз
- Егер құрылғының ашасы, сымы немесе құрылғының өзге бөлшегіне
зақым тиген болса, құрылғымен қолданбаңыз.
- Ток сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек
Philips қызмет орталығында, Philips ұсынған қызмет орталығында
немесе тиісті білімі бар мамандар алмастыру керек.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құралды
пайдалану нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі,
сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдардың (балалар да кіреді)
бұл құралды қолдануына болмайды.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.
- Шаңсорғыш қосылып тұрғанда, шлангты, түтікті немесе басқа
қосымша құралдарды көзге немесе құлаққа апаруға және ауызға
салуға болмайды.

- Сіз шаң сорғышты күлді, ұсақ құмды, әкті, цемент шаңын және
осы тәріздес заттарды сору үшін қолданған кезде, шаңмен шаң
дорба тесікшелері бітіп қалады. Осының нәтижесінде, шаң дорбасы
толып кетті деген көрсеткіш шаң дорбасы толды деп ескертеді.
Бір рет ғана қолданылатын шаң дорбасын алмастырыңыз, ал қайта
қолданылатын шаң дорбасын босатыңыз, тіпті ол әлі де болса
толы емес болса да («Шаң дорбасын алмастыру/босату» тармағын
қараңыз).
- Моторды қорғайтын сүзгіні орнатпастан, құралды қолдануға
болмайды. Моторға зақым келуі, сондай-ақ құралдың қызмет
мерзімі қысқаруы мүмкін.
- Тек берілген Philips s-bag ` синтетикалық шаң дорбаларын немесе
қайта қолданылатын шаң дорбаларын қолданыңыз (кейбір елдерде
ғана бар).
- Шаң сору кезінде, әсіресе ауа ылғалдығы төмен бөлмеде,
шаңсорғыш статикалық токты құрады. Осының нәтижесінде түтікті
немесе шаңсорғыштың басқа темір жерінен ұстасаңыз ток соғуы
мүмкін. Бұндай токтың соғуы сізге зиян емес және құралға нұқсан
келтірмейді. Бұл қолайсыздықты жою үшін ұсынарымыз:
 түтікті бөлмедегі басқа темір заттарға жиі тигізіп, зарядсыздандыру
(мысалы, үстелдің, орындықтың аяқтарына, радиаторға т.б.);
 бөлмеге су қойып, ауа ылғалдылығын арттыру. Мысалы, радиатордан
алынған суды ыдыстарға құйып, бөлмеге қоюға немесе
тостағандарға су құйып, радиатордың үстіне немесе жанына қоюға
болады.
- Шу деңгейі: Lc = 72 dB [A]

Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығына
сәйкес қолданылса, қазіргі кездегі белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе
отырып, құрал қолдануға қауіпсіз деуге болады.
80

Содержание

Скачать