Philips FC9304 [88/226] Hepa 13 жууға болатын фильтр

Philips FC9304 [88/226] Hepa 13 жууға болатын фильтр

HEPA 13 жуылатын фильтр ауа шығатын жерден 0,0003 мм мөлшерлі
бөлшектердің 99,95% ұстап қалады. Ол тек қана үй ішіндегі қоқыс
бөлшектерін ғана емес, сонымен қатар дем алу аллергияларының
себебі болып келетін шаң кенелері мен олардың нәжістері тәрізді
зиянды микроскопты паразиттерді ұстап қалады.
Ескертпе: Шаң сорғышыңыз тиімді түрде шаң жинап, жоғарғы сапалы
қызмет көрсетуіне кепілдік алу үшін, HEPA фильтрін тек түп нұсқалы
Philips фильтрінің дұрыс түрімен ғана алмастырыңыз («Қосымша
бөлшектерге тапсырыс беру» тармағын қараңыз).
Жуылатын HEPA 13 фильтрін 6 айда бір рет тазалап тұрыңыз.
Жуылатын HEPA 13 фильтрін ең көп дегенде 4 рет тазалауыңызға
болады. Фильтрді 4 рет тазалағаннан соң, оны алмастырыңыз.
Ескертпе: HEPA 13 фильтрін кір жуатын машинаға салмаңыз, оның
орнына төмендегі іс ретін орындаңыз.
1 Сүзгі қақпағын ашу үшін оның босату түймесін басыңыз.
2 Сүзгі қақпағын алып тастаңыз.
3 Жууға болатын HEPA 13 фильтірін алыңыз.
4 HEPA 13 фильтірінің бүктелмелі жағын жәймен ағып тұрған
ыстық ағын су астында шәйіңіз.
- Сүзгінің бүктелген жағын жоғары қаратып ұстап, суды бүктемесіне
параллельді етіп ағызыңыз. Сүзгіні ішіндегі жиналып қалған кір
сумен ағып кететін бұрышта ұстаңыз.
- Фильтрді 180° бұрап, суды керісінше ағызып жіберіңіз.
- Сүзгі толық тазалағанша, осы әрекетті қайталай беріңіз.
88

Содержание

Скачать