Philips FC9304 [87/226] Моторды қорғауға арналған тұрақты фильтр

Philips FC9304 [87/226] Моторды қорғауға арналған тұрақты фильтр


Кей елдерде, шаң сорғышпен қоса қайта қолданылатын шаң дорбалары
да беріледі, оларды босатып, қайта қолдануға болады. Қайта қолдануға
болатын шаң дорбаларын бір рет қана қолдануға болатын шаң
дорбаларының орына қолдануға болады.
Қайта қолдануға болатын шаң добаларын босату үшін, тек қана «Бір
рет қолдануға болатын шаң дорбаларын алмастыру» бөлігінде берілген
нұсқауды орындаңыз.
Қайта қолданатын шаң жинағыш дорбаны босату:
1 Шаң дорбасының екі жағындағы сырғымасын сырғытыңыз.
2 Ішіндегі қоқысты қоқыс шелегіне сілкіп түсіріңіз.
3 Шаң дорбасын жабу үшін, сырғыманы шаң дорбасының астыңғы
жиегіне дейін қайтадан сырғытыңыз.

Фильтрлерді тазалар немесе алмастырар алдында құралды міндетті
түрде тоқтан суырыңыз.

Қайта қолдануға болатын шаң дорбасын босатқан кезде немесе бір
рет қолданылатын шаң дорбасын ауыстырған кезде әрдайым моторды
қорғауға арналған тұрақты фильтрді тазалап отырыңыз.
1 Шаң жинағыш дорба ұстағышын дорбамен бірге суырып алыңыз.
2 Босату үшін моторды қорғайтын фильтр ұстағышының жоғарғы
жағындағы құлақшаны төмен қарай басыңыз (1). Фильтр
ұстағышын шаң дорбасы орналасқан жерден шығарып алыңыз
(2).
3 Фильтрді тазалау үшін, оны қоқыс шелегі үстінен сілкіңіз.
4 Таза фильтрді фильтр қорабына қайтадан салыңыз.
5 Фильтр қорабының екі шошағын түптегі төмпешіктің артына
сыйдырыңыз, сол кезде қорап үстіңгі жақта дұрыс сияды (1).
Содан кейін, фильтр қорабын орнына салыңыз («тық» ете түседі)
(2).
6 Шаң дорбасы бар шаң дорба ұстағышын қайтадан құрылғыға
салып, қақпақты жабыңыз.
 87

Содержание

Скачать