Philips GC8350 [56/144] Ескерту

Philips GC8330 [56/144] Ескерту
- Егер ток сымы немесе бу беру шлангісі зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін оны
Philips компаниясы, Philips компаниясы ұсынған қызмет көрсету орталығы немесе білікті
мамандар сізге ауыстырып беруі керек.
- Құрал қуат көзіне қосылып тұрса, оны бақылаусыз қалдырып кетпеңіз.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз
адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбау керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Ток сымын және бу беру шлангісін үтіктің ыстық табанына тигізбеңіз.
- Егер құрал қызған сайын, Calc-Clean жүйесі қақпағының астынан бу шығып жатса,
міндетті түрде құралды өшіріп, қақпақты нығыздап жабыңыз. Егер бу шығуын тоқтатпаса,
құралды өшіріп, Philips компаниясы ұсынған қызмет орталығына хабарласыңыз.
- Бу генераторы ысып тұрғанда Calc-Clean жүйесінің қақпағын алуға болмайды.
- Құралмен бірге жабдықталған Calc-Clean жүйесі қақпағынан басқа қақпақты бу
генераторына қолдануға болмайды, себебі бұл қақпақ қауіпсіздік қақпағы ретінде де
қызмет атқарады.

- Құрылғыны тек жерге қосылған розеткаға жалғаңыз.
- Ток сымы мен бу беру шлангісінің зақымдалмағанын жиі тексеріп тұрыңыз.
- Әрдайым үтікті және бу шығарушыны тұрақты, тегіс және көлбеу бетке қойып, қолданыңыз.
- Үтіктің табаны өте ыстық болады, байқамай тиіп кетсеңіз, теріңіз күйіп қалуы мүмкін.
- Үтіктеп болғанда, үтікті тазалағанда, су ыдысын толтырып немесе босатып жатқанда,
сондай-ақ үтікті тіпті қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырғанда үтікті тірегіне қойыңыз,
өшіріңіз және ток сымын қабырғадағы розеткадан ажыратыңыз.
- Бу генераторын «Тазалау және күту» тарауындағы нұсқауға сәйкес жиі шайып тұрыңыз.
- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.

Бұл Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз.

Ескертпе: Алғаш рет қолданып жатқанда, үтік біраз түтінденуі мүмкін. Сол уақыттан соң бұл
құбылыс жойылады.
Ескертпе: Үтікті алғаш рет қолданған кезде, үтіктің табанынан кейбір қалдықтар шығуы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай; қалдықтар зиянсыз әрі олар аз уақыттан кейін үтіктен шығуын
тоқтатады.
Ескертпе: Құралды қосқан кезде бу генераторы ауаны сорған дыбыс шығаруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай; дыбыс судың бу генераторына сорылып жатқандығын білдіреді.
1 Үтіктің табанындағы кез келген жапсырманы немесе қорғаушы қапты алып тастап,
үтіктің табанын жұмсақ шүберекпен сүртіп алыңыз.

1 Бу генераторын тұрақты және тегіс жерге қойыңыз, мысалы, үтіктеуге арналған тақтаның
қатты бөлігіне немесе үстел үстіне (Cурет 2).

Су ыдысын кез келген уақытта толтыра аласыз, тіпті қолданып жатқанда кезде толтыруға
болады.
56

Содержание