Philips GC8350 [59/144] Қосымша бу ағымы

Philips GC8330 [59/144] Қосымша бу ағымы

Буды адамдарға бағыттаушы болмаңыз.
1 Ілулі тұрған перделер мен киімдерді (пиджак, костюм, сыртқы киімдер) бумен үтіктеу
үшін, үтікті тігінен ұстап, бу шығару тетігін басыңыз (Cурет 9).

Өте қуатты бу шығару функциясы қиың қыртыстарды кетіреді.
1 Температура дөңгелегін 3 және MAX ұстанымы аралығына орнатыңыз.
2 Бу шығару түймесін басыңыз (Cурет 10).
Ескертпе: Бу шығару функциясын қолданғанда, арасында үзіліс жасалып тұру қажет. Егер
үтіктің табанынан су тамшылап жатса, бу шығару функциясын қайта қолданар алдында
үтікті кем дегенде бір минут қыздырып алыңыз.

Бусыз үтіктеудің бір немесе екі жолы бар:
- Барлық түрі: Бу шығару тетігін баспай-ақ, үтіктей бастаңыз.
- a (бусыз) параметрін таңдап, үтіктеуді бастаңыз. (Cурет 11)

- Жүннен жасалған маталарды бумен үтіктеген кезде, жылтыр дақтар пайда болуы мүмкін.
Мұның алдын алу үшін үстінен мата салып немесе заттың ішін сыртқа қаратып, оны ішінен
үтіктеңіз.
- Жібек, жүн немесе синтетикалық материалдар: жылтыр дақ қалдырмау үшін матаның
қарама-қарсы жағынан үтіктеңіз.
- Жылтыр дақ пайда болуы мүмкін ши барқыт және басқа маталарды аз ғана басып, тек бір
бағытта (түк бойымен) үтіктеңіз.
- Боялған жібекті үтіктеген кезде буды қолданбаңыз. Бұл дақтардың пайда болуына әкелуі
мүмкін.


1 Үтікті түпқоймасына қойып («Сақтау» тармағын қараңыз), құралды сөндіріңіз (Cурет 12).
2 Штепсельдік ұшты қабырға розеткасынан шығарып, құрылғыны суытып алыңыз.
3 Қақ және кез келген басқа қалдықтарды үтіктің табанынан дымқыл шүберекпен және
тырнамайтын (сұйық) тазалағыш затпен сүртіп алыңыз.
4 Үтіктің жоғарғы жағын және бу генераторының сыртын дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
5 Тазалап болғаннан кейін, су ыдысын босатып қойыңыз.

Бу генераторы ысып тұрғанда Calc-Clean жүйесінің қақпағын алуға болмайды.
ӨТЕ МАҢЫЗДЫ: Бу генераторын ай сайын немесе әрбір 10 рет қолданған кейін шайып
тұрыңыз. Сонда құрал зақымдалмай, оңтайлы бу беру қызметін қамтамасыз етеді.
1 Құралды тоқтан суырып, 2 сағат бойы суытып алыңыз.
2 Алынбалы су ыдысын шығарып алыңыз (Cурет 13).
 59

Содержание