Philips GC8350 [60/144] Calc clean функциясының шамы

Philips GC8330 [60/144] Calc clean функциясының шамы
3 Бу генераторын екі қолыңызбен ұстап, жақсылап сілкіңіз (Cурет 14).
4 Calc-Clean жүйесінің қақпағын жоғары қаратып, бу генераторын бір жағына қисайтыңыз
да, Calc-Clean жүйесінің қақпағын шығарып алыңыз (Cурет 15).
5 Бу генераторын раковинаға сілкіп, қақтан босатыңыз (Cурет 16).
6 Ішіне таза су құйып, қайтадан шайқаңыз (Cурет 17).
7 Суды раковинаға төгіңіз (Cурет 16).
8 Жақсы нәтижеге жету үшін, 6 және 7 қадамдарды қайталаңыз.
9 Calc-Clean жүйесінің қақпағын бу генераторына қайтадан нығыздап бұраңыз (Cурет 18).

1 Бу генераторын шаю керек болғанда, Calc-Clean жүйесінің шамы 30 секунд бойы
жыпылықтайды (Cурет 19).
Осы 30 секунд ішінде бу генераторы қызбайды.
2 Құралды дереу сөндіріп, оны суытыңыз.
Бу генераторы ысып тұрғанда Calc-Clean функциясын қолдануға болмайды.
3 Жоғарыда айтылғандай Calc-Clean функциясын қолданыңыз.

Құралды тазалар немесе сақтап қояр алдында, суытып алыңыз.
1 Үтікті тіректің үстіне қойыңыз.
2 Су ыдысын босатыңыз.
3 Ток сымы мен шлангіні жинайтын ілмекті шығарыңыз. (Cурет 20)
4 Бу беру шлангісі мен ток сымын оған ораңыз (Cурет 21).
5 Құралды бу генераторының кез келген жағындағы сабынан ұстап
жылжытыңыз (Cурет 22).

- Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға
болмайды. Оның орнына бұл құралды арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу мақсатына
өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған айналаны сақтауға себіңізді тигізесіз (Cурет 23).

Егер сізге қызмет көрсету немесе ақпарат қажет болса, не болмаса мәселеңіз болса, Philips
компаниясының  веб-торабын қараңыз немесе еліңіздегі Philips
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік
кітапшасынан табуға болады). Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда,
жергілікті Philips дилеріне хабарласыңыз.

Бұл тарауда құрылғыда пайда болуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған. Егер
төменде берілген ақпараттың көмегімен ақаулықты жоя алмасаңыз, еліңіздегі Тұтынушыларды
қолдау орталығына хабарласыңыз.
60

Содержание