Little Doctor LD-207U [35/44] Пайдалану тəртібі

Little Doctor LD-207U [35/44] Пайдалану тəртібі
35
KAZ
BATT кейіптегіші жыпылықтай бастаса, ингалятор тағы да 10 минут бойы жұмыс істей алады.
Егер BATT кейіптегіші үзіліссіз жанып тұрса, бұл қуаттау элементтері қуатының тым төмен
екендігін білдіреді. Ингалятор жұмысын тоқтатады. Ондайда барлық қуаттау элементтерін
жаңаларымен ауыстырыңыз.
Қуаты таусылған қуаттау элементтерін аспап ішінде қалдырмаңыз.
Аспапты қуаттау үшін АА (LR6) түріндегі немесе қайтадан қуатталған
Ni-MH түріндегі алкалинді қуаттау элементтерін сатып алған дұрыс.
• R6 түріндегі тұзды қуаттау элементтерін пайдалануға болмайды.
ЭЛЕКТРМЕН ҚУАТТАУ КӨЗІ БАР АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУ
Төменде көрсетілген техникалық сипаттамалары бар электрмен
қуаттау көзін пайдаланыңыз (жеке сатып алынады).
Шығыс кернеуі : 3В ± 5%
Жүктеме тогы : 500 мА-ден кем емес
Істікше:
Полярлығы : минус” – ішкі түйіспен
Сыртқы диаметрі : 3,5 ± 0,1 мм
Ішкі диаметрі : 2,1 ± 0,1 мм
Ұзындығы : 9 ± 0,3 мм
Электрмен қуаттау көзінің ұяшығы аспаптың артқы жағында
орналасқан. (
3 сурет
).
Электрмен қуаттау көзі бар аспапты пайдалану үшін электрмен қуаттау
көзі істікшесін аспапқа жалғаңыз да электрмен қуаттау көзінің ашасын
желі розеткасына тығыңыз жəне түймешігін басыңыз.
Өлшеуді аяқтағаннан кейін
түймешігін басып, аспапты өшіріңіз, электрмен
қуаттау көзінің ашасын желі розеткасынан суырыңыз жəне электрмен қуаттау
көзі істікшесін аспаптан суырып алыңыз.
ПАЙДАЛАНУ ТƏРТІБІ
Маңызды! Аспапты бірінші рет пайдаланар алдында
оны «Күтім жасау, сақтау, жөндеу жəне өтелге шығару»
бөлімінің 1 тармағында жазылғандай толық тазалау керек.
1. Деммен қабылдау камерасын негізгі блоктың жоғарғы
жағындағы ойыққа сырт еткізіп кигізіңіз (4 сурет).
Есіңізде болсын! Деммен қабылдау камерасына арналған
электродтарды таза ұстаңыз. Əйтпесе ингалятордың дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
Маңызды! Деммен қабылдау камерасының торлы жарғақшасының қызмет мерзімі
күніне үш рет пайдаланылғанда шамамен алты айға жетеді.
Сур.2
Сур.3
8ml
Сур.4

Содержание