Little Doctor LD-207U [38/44] Кепілдемелік міндеттемелер

Little Doctor LD-207U [38/44] Кепілдемелік міндеттемелер
38
KAZ
ЖАРҒАҚТЫ ТАЗАРТУ РЕЖІМІ
Жарғақты дəрілік заттар қалдықтарынан жəне басқа да шөгінділерден тазарту үшін дəрілік
ерітіндіге арналған ыдысқа дистилденген су құйыңыз да түймешікті басып, 5 секундтан
артық ұстап тұрыңыз. Сездіргі тез-тез жыпылықтай бастайды. Ал аспап 10 минуттан кейін
автоматты түрде жұмысын тоқтатады.
Тазарту режімін мəжбүрлей тоқтату үшін түймешігін аз уақыт басып тұру керек.
Аспапты күн сайын пайдаланғанда жарғақты айына 1 рет немесе ауакірне беру азайса
немесе мүлде берілмейтін жағдайда тазартып тұрған жөн.
КҮТІМ ЖАСАУ, САҚТАУ, ЖӨНДЕУ ЖƏНЕ ӨТЕЛГЕ ШЫҒАРУ
1.
Кез келген емдік ерітіндіні деммен қабылдау аяқталғаннан кейін торлы жарғақшаны
емдік дəрмектер қалдықтарынан тазарту үшін 1-2 минут таза сумен бүркіп жуу керек.
жарғақшаны əлдебір затпен (сүрткішпен, шүберекпен, мақталы таяқшалармен жəне т.б.)
тазалауға БОЛМАЙДЫ!
2. Аспап пен оның барлық тетіктерін үнемі тазалап тұрыңыз. Аспаптың электр қорегі
адаптерінен басқа барлық тетіктерін 0,5% жуу құралы (мəселен, жуу ұнтағы) қосылған
3%-дық сутегі асқын тотығы ерітіндісімен сүрткен дұрыс. Содан кейін дəрі-дəрмек
ерітіндісіне арналған ыдысты ағыл-тегіл ағынды су астында жуу керек. Мүштіктерді 10
минут бойы қайнатуға немесе 150 градусқа дейінгі температурада автоклавирлеумен
тазалауға болады. Тазалағаннан кейін аспаптың барлық бөліктерін жұмсақ матамен
құрғатып сүртіңіз. Торлы жарғақшаны зақымдап алмау үшін аспапты мүштікке арналған
ауысымшамен (орнатып) бірге сақтаңыз.
3. Аспапты тура түсетін күн көзінен жəне соққылардан сақтаған жөн.
4. Аспапты жылытқыш аспаптар мен ашық отқа тым жақын жерде сақтамаңыз жəне
пайдаланбаңыз.
5. Аспапты кірлетпей ұстаңыз.
6. Аспаптың уытты ерітінділерге жанасуына жол бермеңіз.
7. Қажет болғанда оны тек мамандандырылған ұйымдарда ғана жөндетіңіз.
8. Бұл аспапқа шығарылған күннен бастап 5 жыл қызмет мерзімі белгіленген. Шығындық
материалдарға - тұтыншыға берілген сəттен бастап 1 жыл. Белгіленген қызмет мерзімі
бітерде аспаптың техникалық жағдайын тексерту жəне егер қажет болса, оны Сіздің
өңірде қолданыстағы ережелерге сəйкес өтелге шығаруды жүзеге асыру үшін аспапты
ауық-ауық мамандарға (мамандандырылған жөндеу ұйымдары) көрсетіп тұру қажет.
Өндіруші өтелге шығарудың арнайы шарттарын белгілемеген.
КЕПІЛДЕМЕЛІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Бұл аспапқа сатылған күннен бастап 12 ай кепілдемелік мерзім белгіленген.
Кепілдіктің шығындық материалдарға (деммен қабылдау камераларына, демперде-
лерге, мүштіктерге, түтікшелерге жəне т.б.) қатысы жоқ.Кепілдемелік міндеттемелер
аспап тұтынушыға сатылған сəтте кепілдемелік талонмен ресімделеді. Кепілді қызмет
көрсететін ұйымдардың мекенжайлары кепілдемелік талонда көрсетілген.

Содержание