Little Doctor LD-207U Инструкция по эксплуатации онлайн [37/44] 70300

Little Doctor LD-207U Инструкция по эксплуатации онлайн [37/44] 70300
37
KAZ
арқаңыз неғұрлым түзуірек болатындай етіп арқаңызға жастық қойыңыз. Ыңғайсыз қалып
пен дұрыс тыныс алмау өкпе мен тыныс жолдарының кейбір бөліктерінің қысылуына əкеліп
соғуы мүмкін.
Маңызды! Əр келушінің өз мүштігін жəне/немесе демпердесін пайдаланғаны дұрыс.
Ыңғайланып отырыңыз да деммен қабылдауды бастаңыз. Тыныс алу
бірқалыпты болуы керек, ауакірне тыныс жолдарына тереңдей сіңу
үшін баяу жəне терең дем алыңыз.
Есіңізде болсын! Деммен қабылдау кезінде саңылауды жаппаңыз (9
сурет). Бұл аспаптың жұмыс тиімділігін азайтады.
Егер сіз ем-домды тоқтатқыңыз келсе, қуаттау көзін ажырату үшін
түймешікті басыңыз. POWER кейіптегіші өшеді.
Егер деммен қабылданатын ерітінді толық пайдаланылса, аспап авто-
матты түрде өшіп қалады.
Есіңізде болсын! Егер деммен қабылдау кезінде деммен қабылданатын ерітінді
толық пайдаланылғаннан кейін аспап автоматты түрде өшпесе, түймешігін басып,
қуаттау көзін өшіріңіз. Орын алған машақаттың себебін анықтау үшін «Ақауларды іздеу
алгоритмі жəне оларды түзету тəсілдері» бөліміне жүгініңіз.
Сіз ем-дом кезінде ингаляторды еңкейте аласыз (тік қалпымен салыстырғанда 45°-тан
артық емес бұрышқа). Алайда, деммен қабылданатын ерітіндінің торлы жарғақшаға тиіп
тұрғанына көз жеткізіп алыңыз.
Ингалятор аспаптың еңкіштік бұрышы өзгергеннен кейін біраз у
ақыт қалыпты жұмыс
істей алады. Егер еңкіштік бұрыш деммен қабылданатын ерітінді торлы жарғақшаға
тимейтіндей болса, ол шамамен 10 секундтай жұмыс істейді де содан кейін өшіп қалады
(Жұмыс уақыты деммен қабылданатын ерітіндінің түріне байланысты).
Деммен қабылданатын ерітінді аз қалса, аспапты өзіңізге қарай еңкейтіңіз. Бұл қалған
деммен қабылданатын ерітіндіні толық пайдалануға мүмкіндік береді. Пайдалану кезінде
ингаляторды сілкілемеңіз. Бұл оның автоматты түрде өшіп қалуына себеп болады.
Деммен қабылдау аяқталғаннан кейін
түймешігін басып,
аспапты өшіріңіз, POWER кейіптегіші өшеді. Ингалятордың
артқы жағындағы PRESS түймешігін басып жəне деммен
қабылдау камерасын алға қарай итеріп, деммен қабылдау
камерасын шешіп алыңыз (10 сурет).
«Күтім жасау, сақтау, жөндеу жəне өтелге шығару» бөлімінің
1 тармағында жазылғандағыдай аспапты тазалаңыз.
Демпердеге арналған ауысымшаны пайдаланған кезде,
деммен қабылдау аяқталғаннан кейін оның жалпақ жағына
конденсат жиналып қалуы мүмкін.
8ml
Сур.9
Сур.10

Содержание