Philips FC6728/01 SpeedPro Aqua [35/78] Қазақша

Қазақша
Маңызды қауіпсіздік ақпараты - Қосымша
пайдалану құжаттамасын
Құрылғыны және оның аксессуарларын қолданбас бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып
шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз. Қамтамасыз етілген аксессуарлар әр түрлі өнімдер
үшін өзгеше болуы мүмкін.
Қауіпті жағдайлар
-
Ешқашан суды немесе басқа сұйықтықты сорғызбаңыз. Жануы жеңіл заттарды соруға болмайды,
ал күлді сору үшін, оның суығанын күтіңіз.
-
Құралды немесе адаптердісуға немесе кез келген басқа сұйықтыққа ешқашан батырмаңыз және
ағынды судың астына шаймаңыз.
Абайлаңыз
-
Құралды қоспас бұрын, адаптерде көрсетілген кернеу жергілікті розетканың кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріңіз.
-
Құралды пайдаланудың алдында оны әрқашан тексеріңіз. Егер құрал немесе адаптер зақымдалған
болса, оларды қолданбаңыз. Зақымдалған бөлшекті әрдайым түпнұсқа түрімен ауыстырыңыз.
-
Адаптерде трансформатор бар. Басқа ашамен ауыстыру үшін, адаптерді кеспеңіз, бұл қауіпті
жағдай тудыруы мүмкін.
-
Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану нұсқауларынсыз,
физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз
адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
-
Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
-
Құралды және оның сымын балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.
-
Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан ажырату керек.
-
Егер құралы бірақ уақыт пайдаланылмаса, адаптерді ажыратыңыз.
-
Моторлы щетканың басқа құралдардың желілік сымдарының үстімен қозғалуына жол бермеңіз,
себебі бұл қауіпті болуы мүмкін.
-
Бос киімді, шашты және дене бөліктерін моторлы щеткалардан алыс ұстаңыз.
-
Құрал істеп тұрғанда желдету саңылауларын жаппаңыз немесе құлыптамаңыз.
-
Зақымдап алмас үшін, шаң контейнерінде сүзгі жоқ болған жағдайда құралды пайдаланбаңыз.
-
Құрал істеп тұрғанда кірісін құлыптамаңыз.
-
Зақымды болдырмау үшін ешқашан су ыдысына эфир майларын немесе ұқсас заттарды құймаңыз
немесе құралдың оларды тартуына жол бермеңіз.
-
Су ыдысы жиналғанда және толы болғанда қондырманы көтермеңіз немесе еңкейтпеңіз, себебі су
су ыдысынан төгілуі мүмкін.
-
Бұл құралда тек білікті тұлғамен ауыстырылатын, қайта зарядталатын батарея бар. Қайта
зарядталатын батареяны ауыстыру үшін құрылғыны ашпаңыз.
-
Қайта зарядталатын батареяны тек білікті қызмет инженерлері ауыстыруы мүмкін. Енді қайта
зарядтау мүмкін болмағанда немесе қуаты жылдам таусыла бастағанда батареясын ауыстыру үшін
құралды өкілетті Philips қызмет орталығына апарыңыз.
-
Құралды 40°C-тан жоғары немесе 5°C-тан төмен температурада сақтамаңыз.
-
Құралды температурасы 40°C-тан жоғары бөлмеде пайдаланбаңыз.
-
Құралды теспеңіз, бөлшектемеңіз немесе оны температурасы 60°C-тан жоғары жерлерге
қоймаңыз. Қызып кетсе, зарядталатын батарея жарылуы мүмкін.
37
Қазақша

Содержание

Похожие устройства

Скачать