Philips RQ11/50 [100/232] Қыру бөлігін тазалау

Philips RQ11/50 [100/232] Қыру бөлігін тазалау

Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолыңызды күйдіріп алмас үшін, әрдайым судың өте ыстық еместігін тексеріп тұрыңыз.
1 Қыру бөлігін ыстық ағынды сумен біраз уақыт шайыңыз (Cурет 25).
Ескертпе: сондай-ақ, қыру бөлігін берілген щеткамен тазалауға болады.
2 Қыру ұшының ұстағышын тартып, қыру бөлігінің төменгі жағынан шығарыңыз да, ыстық ағынды сумен 30 секунд
шайыңыз (Cурет 26).
Ескертпе: қыру ұшының ұстағышын берілген щеткамен тазалауға болады.
3 Артық суды сілкіп тастап, қыру бөлігін кептіріңіз.
Қыру бөлігін орамалмен немесе шүберекпен сүртпеңіз. Қыру ұштары зақымдануы мүмкін.
4 Қыру ұшының ұстағышын қыру бөлігінің төменгі жағына қайта тағыңыз (сырт еткен дыбыс естіледі) (Cурет 27).

Jet Clean жүйесінің автоматты түрде тазалау бағдарламасы бар. Қосу/өшіру түймесі басылғанда, Jet Clean жүйесі автоматты түрде тазалау
бағдарламасымен тазалауды бастайды.

Алғаш қолданар алдында, тазалау орнын толтырып алыңыз.
1 Кішкентай штепсельдік ұшты Jet Clean жүйесіне жалғаңыз.
2 Адаптерді қабырғадағы розеткаға жалғаңыз.
, Ұстағыш автоматты түрде ең жоғарғы позициясына жылжиды.
3 Тазалау орнының екі бүйіріндегі босату түймелерін бір уақытта басыңыз (1). Одан кейін, Jet Clean жүйесін тартып, тазалау
орнынан шығарыңыз (2). (Cурет 28)
, Тазалау орны астында қалады.
4 Тазалау сұйықтығы бар шишаның қақпағын бұрап ашыңыз.
5 Тазалау орнының екі сызығының ортасына дейін HQ200 тазалау сұйықтығын құйыңыз (Cурет 29).
6 Jet Clean жүйесін тазалау орнына қайтадан салыңыз (Cурет 30).
Босату түймелері орындарына түсіп, сырт еткен дыбыстың шыққанын тексеріңіз.

Ескертпе: қырыну көбігімен немесе гелімен пайдаланған жағдайда, электр ұстараны Jet Clean жүйесімен тазаламас бұрын, ыстық ағынды
сумен шайып алған жөн. Бұл тазалау сұйықтығының біраз уақытқа жетуін қамтамасыз етеді.
1 Электр ұстараның дисплейін Jet Clean жүйесінің алдыңғы жағына қаратып, ұстағышқа төңкеріп салыңыз (Cурет 18).
2 Орнына түсіру үшін, электр ұстараны ұстағышқа мықтап салыңыз (Cурет 19).
, Дисплейде электр ұстараның зарядталып жатқаны көрсетіледі («Дисплей» тарауын қараңыз).
3 Тазалау бағдарламасын іске қосу үшін, Jet Clean жүйесіндегі қосу/өшіру түймесін басыңыз. (Cурет 31)
, Электр ұстараның дисплейі зарядтау барысын көрсетуді тоқтатады.
, Тазалау шамы жыпылықтап, электр ұстара автоматты түрде тазалау сұйықтығына батырылады (Cурет 32).
, Тазалау шамы бірнеше минутқа созылатын тазалау бағдарламасы барысында жыпылықтап тұрады.
, Тазалау бағдарламасының бірінші кезеңінде, электр ұстара бірнеше рет автоматты түрде қосылып, өшеді және жоғары, төмен
жылжиды.
, Тазалау бағдарламасының екінші кезеңінде, электр ұстара кептіру позициясына қойылады. Бұл кептіру белгісінің жыпылықтауы
арқылы көрсетіледі. Бұл кезең шамамен 2 сағатқа созылады. Электр ұстара бұл позицияда бағдарлама аяқталғанша
тұрады. (Cурет 33)
, Тазалау бағдарламасы аяқталғаннан кейін, ұстараның дисплейінде зарядтау көрсеткіші пайда болады («Дисплей» тарауын
қараңыз).
Ескертпе: Jet Clean жүйесіндегі қосу/өшіру түймесі тазалау бағдарламасы барысында басылса, бағдарлама тоқтайды. Бұл жағдайда,
тазалау немесе кептіру шамы жыпылықтауын қойып, ұстағыш ең жоғарғы позициясына жылжиды.
Ескертпе: тазалау барысында адаптер қабырға розеткасынан ажыратылса, бағдарлама тоқтайды. Ұстағыш ағымдағы позициясында
қалады. Адаптер қабырға розеткасына қайтадан жалғанғанда, ұстағыш ең жоғарғы позициясына жылжиды.
- Тазалау сұйықтығының деңгейі ең төменгі көрсеткіштен төмен түскенде, «тазалау орны бос» белгісі жыпылықтап, ұстағыш бастапқы
позициясына оралады (Cурет 34).
- Электр ұстараны күнделікті тазалау үшін жуғыш машина қолданылатын болса, тазалау орнын шамамен 15 күн сайын толтырып тұру
керек болады.

Тазалау орнын 15 күн сайын тазалап тұрыңыз.
Jet Clean жүйесінің сыртын дымқыл шүберекпен тазалауға болады.
1 Jet Clean жүйесінің екі бүйіріндегі босату түймелерін бір уақытта басыңыз (1). Одан кейін, Jet Clean жүйесін тартып, тазалау
орнынан шешіңіз (2). (Cурет 28)
, Тазалау орны астында қалады.
2 Қалған тазалау сұйықтығын тазалау орнынан төгіп тастаңыз. (Cурет 35)
Тазалау сұйықтығын шұңғылшаға ағызып жіберуге болады.
3 Тазалау орнын ағынды сумен шайыңыз (Cурет 36).
тазалау орнын ыдыс жуғышта жууға болмайды.
4 Тазалау орнының екі сызығының ортасына дейін HQ200 тазалау сұйықтығын құйыңыз (Cурет 29).
100

Содержание