Philips RQ11/50 [99/232] Jet clean жүйесінде зарядтау тек кейбір үлгілерде болады

Philips RQ11/50 [99/232] Jet clean жүйесінде зарядтау тек кейбір үлгілерде болады
2 Адаптерді қабырғадағы розеткаға жалғаңыз.
3 Электр ұстараны зарядтағышқа салып (1), артқа қарай итеріңіз (2) (сырт еткен дыбыс естіледі). (Cурет 17)
, Дисплейде электр ұстараның зарядталып жатқаны көрсетіледі («Дисплей» тарауын қараңыз).

1 Кішкентай штепсельдік ұшты Jet Clean жүйесіне жалғаңыз.
2 Адаптерді қабырғадағы розеткаға жалғаңыз.
3 Электр ұстараның дисплейін Jet Clean жүйесінің алдыңғы жағына қаратып, ұстағышқа төңкеріп салыңыз (Cурет 18).
Ескертпе: Тек RQ1180 үлгісінде: ұстараны төңкергенде, дисплейдегі батарея көрсеткіші де төңкеріледі. Бұл батареядағы заряд деңгейін
көруге мүмкіндік береді.
4 Орнына түсіру үшін, электр ұстараны ұстағышқа мықтап салыңыз (Cурет 19).
Ескертпе: Қыру бөлігіне қорғау қақпағы, сондай-ақ, ұстараға триммер тағылған болса, ұстараны Jet Clean жүйесіне салу мүмкін емес.
, Дисплейде электр ұстараның зарядталып жатқаны көрсетіледі («Дисплей» тарауын қараңыз).


1 Электр ұстараны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
, RQ1180: дисплей бірнеше секундқа жанады.
2 Қыратын ұштарды терінің бетімен жүргізіңіз. Айналдырып жүргізіңіз (Cурет 20).
- Тура жүргізбеңіз.
- Терінің Philips қырыну жүйесіне үйренуі үшін 2 немесе 3 апта кетуі мүмкін.
3 Электр ұстараны өшіру үшін, қосу/өшіру түймесін бір рет басыңыз.
, RQ1180: дисплей бірнеше секундқа жанады, одан кейін қалған батарея қуаты көрсетіледі.

Осы электр ұстара арқылы қырыну көбігінің немесе қырыну гелінің көмегімен ылғалды бетті қыруға болады.
Қырыну көбігі немесе қырыну гелімен қырыну үшін, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1 теріні біраз сулаңыз,
2 теріге қырыну көбігі немесе қырыну гелін жағыңыз,
3 құралдың тері бетімен тегіс сырғуы үшін, қыру бөлігін ағынды сумен шайыңыз,
4 электр ұстараны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз,
5 қыратын ұштарды терінің бетімен айналдырып жүргізіңіз.
Ескертпе: терінің бетімен тегіс сырғуы үшін, электр ұстараны ағынды сумен қайта-қайта шайып тұрыңыз.
6 Пайдаланғаннан кейін, бетіңізді құрғатып, электр ұстараны жақсылап тазалаңыз («Тазалау және техникалық қызмет көрсету»
тарауын қараңыз).
Ескертпе: Электр ұстарадан қырыну көбігін немесе қырыну гелін толық жуып кетіру керек.

Мұрт пен жақ сақалды тегістеу үшін, триммерді қолдануға болады.
1 Қыру бөлігін тура тартып, электр ұстарадан шығарыңыз (Cурет 21).
Ескертпе: электр ұстарадан шешкенде, қыру бөлігін бұрмаңыз.
2 Триммердің тілін электр ұстарының жоғарғы жағындағы тесікке кіргізіңіз (1). Одан кейін, ұстараға бекіту үшін, триммерді төмен
қарай басыңыз (2) (сырт еткен дыбыс естіледі) (Cурет 22).
3 Триммерді қосу үшін, қосу/өшіру түймесін бір рет басыңыз.
, RQ1180: дисплей бірнеше секундқа жанады.
4 Енді тегістеуді бастауға болады.
5 Триммерді өшіру үшін, қосу/өшіру түймесін бір рет басыңыз.
, RQ1180: дисплей бірнеше секундқа жанып, қалған батарея қуатын көрсетеді.
6 Триммерді тартып, электр ұстарадан шешіңіз (Cурет 23).
Ескертпе: электр ұстарадан шешкенде, тегістеу бөлігін бұрмаңыз.
7 Триммердің тілін электр ұстарының жоғарғы жағындағы тесікке кіргізіңіз (1). Одан кейін, ұстараға бекіту үшін, қыру бөлігін төмен
қарай итеріңіз (2) (сырт еткен дыбыс естіледі) (Cурет 24).

Құралды немесе Jet Clean жүйесін тазалау үшін, қырғыш шүберектерді, абразивті тазалау агенттерін, сондай-ақ, бензин немесе ацетон
тәрізді сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
- Электр ұстараны тазалаудың ең жақсы және гигиеналық жолы — Jet Clean жүйесін пайдалану (тек кейбір үлгілерде болады). Сондай-
ақ, ұстараны ағынды сумен шаюға немесе берілген щеткамен тазалауға болады.
- Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолыңызды күйдіріп алмас үшін, әрдайым судың өте ыстық еместігін тексеріп тұрыңыз.
- Жақсылап қыруы үшін, қолданған сайын ұстараны тазалап отырыңыз.
- Электр ұстараның сыртын дымқыл шүберекпен тазалауға болады.
- Электр ұстараны әрдайым тазалап тұру оның жақсы қыруына себепкер болады.
 99

Содержание