Philips RQ11/50 [98/232] Rq1160 rq1150

Philips RQ11/50 [98/232] Rq1160 rq1150

Ескертпе: Электр ұстараны бірінші рет қолданар алдында, дисплейдің бетіндегі қорғау пленкасын алып тастаңыз.
Үш түрлі электр ұстараның (RQ1180, RQ1160 және RQ1150) төмендегі суретте көрсетілгендей үш түрлі дисплейі бар.
- RQ1180 (Cурет 4)
- RQ1160 (Cурет 5)
- RQ1150 (Cурет 6)

- Зарядтау шамамен 1 сағат алады.

- Электр ұстара зарядталып жатқанда, алдымен төменгі зарядтау шамы жыпылықтайды, содан кейін екінші зарядтау шамы, осылайша
электр ұстара толық зарядталғанша, барлық шамдар бір-бірден жанады (Cурет 7).
- Жылдам зарядтау: электр ұстарада бір рет қырынуға жететін заряд жиналғанда, төменгі зарядтау шамының түсі сарғыш пен ақ түс
арасында ауысады.

- Электр ұстара зарядталып жатқанда, батарея белгісі ұстара толық зарядталып болғанша жыпылықтайды. (Cурет 8)
- Жылдам зарядтау: электр ұстарада бір рет қырынуға жететін заряд жиналғанда, штепсельдік ұш және батарея белгілері кезек-кезек
жыпылықтайды.
Ескертпе: RQ1160 және RQ1150 үлгілері дисплейлерінің сыртқы көрінісі басқаша болғанымен, жұмыс істеу әдістері бірдей.


- Батарея толығымен зарядталғанда, барлық зарядтау шамдары тұрақты жанып тұрады. Шамамен 30 минуттан кейін, дисплей
автоматты түрде қайта өшеді. (Cурет 9)

- Батарея толығымен зарядталғанда, батарея белгісі тұрақты жанып тұрады. Шамамен 30 минуттан кейін, дисплей автоматты түрде
қайта өшеді. (Cурет 10)
Ескертпе: RQ1160 және RQ1150 үлгілері дисплейлерінің сыртқы көрінісі басқаша болғанымен, жұмыс істеу әдістері бірдей.


- Батарея заряды толығымен дерлік таусылғанда (батареяда тек 5 минут немесе одан да аз қырыну уақыты қалғанда), төменгі
зарядтау шамы сырғыш болып жыпылықтайды. (Cурет 11)
- Электр ұстараны өшіргенде, төменгі зарядтау шамы бірнеше секунд жыпылықтап тұрады.

- Батарея заряды толығымен дерлік таусылғанда (батареяда тек 5 минут немесе одан да аз қырыну уақыты қалғанда), штепсельдік ұш
белгісі жыпылықтайды (Cурет 12).
- Электр ұстараны өшіргенде, штепсельдік ұш белгісі бірнеше секунд жыпылықтап тұрады.
Ескертпе: RQ1160 және RQ1150 үлгілері дисплейлерінің сыртқы көрінісі басқаша болғанымен, жұмыс істеу әдістері бірдей.


- Батареяда қалған заряд деңгейі жанып тұрған зарядтау шамдарының санымен көрсетіледі. (Cурет 13)

Жолға шықпас бұрын, электр ұстараны құлыптап қоюға болады. Сапар құлпы электр ұстараның байқаусызда қосылып кетуін
болдырмайды.

1 Сапар құлпы режиміне өту үшін, қосу/өшіру түймесін 3 секунд басып тұрыңыз (Cурет 14).
, Дисплейде құлып белгісі жанады. -tekening- (Cурет 15)
Ескертпе: RQ1180, RQ1160 және RQ1150 түрлерінің дисплейлері әртүрлі болып көрінгенмен, олардың белгілері бірдей.

1 Қосу/өшіру түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
, Сапар құлпының өшірілгенін білдіріп, мотор жұмыс істей бастайды.
Электр ұстара енді қолдануға дайын.
Ескертпе: Электр ұстараны тоққа қосылған зарядтағышқа немесе Jet Clean жүйесіне қойғанда, сапар құлпы автоматты түрде өшіріледі.

Зарядтау шамамен 1 сағат алады.
RQ1180/RQ1160: заряды толы электр ұстараның жұмыс уақыты шамамен 50 минут/15күн.
RQ1150: заряды толы электр ұстараның жұмыс уақыты шамамен 40 минут/12күн.
Электр ұстараны бірінші рет қолданар алдында және дисплейде батарея заряды толығымен дерлік таусылғаны көрсетілгенде
зарядтаңыз («Дисплей» тарауының «Батарея заряды төмен» бөлімін қараңыз).

Электр ұстара 5 минут бойы зарядталған болса, онда бір қырынуға жететін қуат жиналады.

1 Кішкентай штепсельдік ұшты зарядтағышқа жалғаңыз (Cурет 16).
98

Содержание