Philips RQ12/50 [112/266] Кіріспе

Philips RQ12/50 [112/266] Кіріспе
112

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен
пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome веб-бетінде тіркеңіз.
Осы пайдаланушы нұсқаулығын оқуыңызды өтінеміз. Мұнда осы электр ұстараның мүмкіндіктері туралы ақпарат, сондай-ақ, қырынуды
жеңіл әрі жағымды ететін кеңестер берілген.

A Электр ұстара (RQ1290/RQ1280/RQ1260/RQ1250)
1 Триммер
2 Триммерді қосу/өшіру сырғытпасы
3 Қыру бөлігі
4 Қорғауыш қақпақ
5 Электр ұстара
6 Электр ұстараны қосу/өшіру түймесі
7 Дисплей
B Зарядтағыш
C Jet Clean жүйесі (RQ1008/RQ1007) (тек кейбір үлгілерде болады)
1 Электр ұстараның ұстағышы
2 «Тазалау орны бос» белгісі
3 Тазалау белгісі
4 Кептіру белгісі
5 Jet Clean жүйесін қосу/өшіру түймесі (тек RQ1008 үлгісінде болады: жоғары/төмен жылжу түймесі бағдарлама таңдауға арналған)
6 Тазалау орнын босату түймесі
D Тазалағыш щетка
E Тазалау сұйықтығы
F Қалта
G Адаптер

Құралды қолданбас бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны анықтамалық құрал ретінде сақтап қойыңыз.
Ескертпе: Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы «құралдар» сөзі электр ұстара мен Jet Clean жүйесін білдіреді. Электр ұстараның Jet Clean
жүйесі болмаса, бұл сөз тек ұстараның өзін білдіреді.


- Адаптердің суланбауын қадағалаңыз (Cурет 2).

- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, себебі бұл өте
қауіпті жағдай туғызады.
- Бұл құралдар қозғалыс, есту-көру не ой қабілеті шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде
балалардың) қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құралдарды пайдалану туралы нұсқауынсыз қолдануына
арналмаған.
- Құралмен ойнамас үшін, балаларды қадағалаусыз қалдыруға болмайды.
- Құралдарды тазалағанда сақ болыңыз. Қолыңызды күйдіріп алмас үшін әрдайым судың өте ыстық еместігін тексеріп отырыңыз.

- Jet Clean жүйесін және зарядтағышты суға батырмаңыз және ағынды сумен шаймаңыз.
- Құралдар мен керек-жарақтарды ыдыс жуғышта жууға болмайды.
- Құралдарды тек су өткізбейтін бетте ұстап, қолданыңыз.
- Құралдарды тек 5-35 °C температурада зарядтауға, қолдануға және сақтауға болады.
- Тек берілген қосалқы құралдарды пайдаланыңыз.
- Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге түрлендіреді.
- Зақымдалған құралдарды пайдаланбаңыз.
- Егер адаптер немесе керек-жарақтардың біреуі зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек түпнұсқа түрімен ғана
алмастырыңыз.
- Сумен шайған кезде электр ұстараның төменгі жағындағы тесіктен су ағуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және қауіпті емес, себебі
бүкіл электрондық бөлшектер электр ұстараның ішіндегі су өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.


- Jet Clean жүйесін тек түпнұсқалы HQ200 тазалау сұйықтығымен қолданыңыз.
- Сұйықтықтың ағып кетуін болдырмау үшін, Jet Clean жүйесін тек тұрақты, тегіс және көлденең бетке қойыңыз.
- Jet Clean жүйесін суға батырмаңыз.
- 15 күн сайын тазалау орнының ішін босатып, ағынды сумен шаю арқылы жақсылап тазалап тұрыңыз.
- Jet Clean жүйесі электр ұстараны жақсылап тазалайды, алайда дезинфекцияламайды, сондықтан оны басқа адамдармен бірігіп
қолданбаңыз.
- Jet Clean жүйесінің тазалау орнын ыдыс жуғышта жууға болмайды.
- Jet Clean жүйесі қолдануға дайын болғанда, тазалау сұйықтығы ағып кетпеуі үшін, жүйені қозғалтуға болмайды.

- Осы электр ұстара халықаралық, мақұлданған қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келеді, сондықтан оны жуыну бөлмесінде немесе душта
қолдану және ағынды сумен шаю қауіпсіз болып есептеледі (Cурет 3).


Содержание

Скачать