Philips RQ12/50 [115/266] Тегістеу

Philips RQ12/50 [115/266] Тегістеу
2 Теріге қырыну көбігін немесе гелін жағыңыз.
3 Қыру бөлігінің тері бетімен оңай сырғуы үшін, оны ағын сумен шайыңыз.
4 Электр ұстараны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
5 Қыру ұштарын терінің бетімен айналдырып жүргізіңіз.
Ескертпе: терінің бетімен оңай сырғуы үшін, электр ұстараны ағынды сумен қайта-қайта шайып тұрыңыз.
6 Пайдаланғаннан кейін, бетіңізді құрғатып, электр ұстараны жақсылап тазалаңыз («Тазалау және техникалық қызмет көрсету»
тарауын қараңыз).
Ескертпе: электр ұстарадан қырыну көбігін немесе қырыну гелін толық жуып кетіру керек.

Мұрт пен жақ сақалды тегістеу үшін, триммерді қолдануға болады.
1 Қыру бөлігін тура тартып, электр ұстарадан шығарыңыз (Cурет 23).
Ескертпе: электр ұстарадан шешкенде, қыру бөлігін бұрмаңыз.
2 Электр ұстараны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
, Дисплей бірнеше минутқа жанады.
3 Триммер сырғытпасын ілгері сырғытып, триммерді шығарыңыз (Cурет 24).
4 Енді тегістеуді бастауға болады.
5 Триммер сырғытпасын кері сырғытып, триммерді ішке кіргізіңіз.
6 Электр ұстараны өшіру үшін, қосу/өшіру түймесін бір рет басыңыз.
, Дисплей бірнеше секунд жанып, одан кейін батарея зарядының қалған деңгейін көрсетеді.
7 Қыру бөлігінің тілін электр ұстарының жоғарғы жағындағы тесікке кіргізіңіз (1). Одан кейін, ұстараға бекіту үшін, қыру
бөлігін төмен қарай итеріңіз (2) (сырт еткен дыбыс естіледі) (Cурет 25).

Электр ұстараны немесе Jet Clean жүйесін (тек кейбір үлгілерде болады) тазалау үшін, қырғыш шүберектерді, абразивті тазалау
агенттерін, сондай-ақ, бензин немесе ацетон тәрізді сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
- Электр ұстараны тазалаудың ең жақсы және гигиеналық жолы — Jet Clean жүйесін пайдалану (тек кейбір үлгілерде болады). Сондай-
ақ, ұстараны ағынды сумен шаюға немесе берілген щеткамен тазалауға болады.
- Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолыңызды күйдіріп алмас үшін, әрдайым судың өте ыстық еместігін тексеріп тұрыңыз.
- Жақсылап қыруы үшін, қолданған сайын ұстараны тазалап отырыңыз.
- Электр ұстараның сыртын дымқыл шүберекпен тазалауға болады.
- Электр ұстараны әрдайым тазалап тұру оның жақсы қыруына себепкер болады.

Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолыңызды күйдіріп алмас үшін, әрдайым судың өте ыстық еместігін тексеріп тұрыңыз.
1 Қыру бөлігін ыстық ағынды сумен біраз уақыт шайыңыз (Cурет 26).
2 Үш қыру ұшын бір-бірлеп тартып ашыңыз (Cурет 27).
3 Үш қыру ұшын және шаш жиналатын үш орынды ыстық ағынды сумен 30 секунд шайыңыз. (Cурет 28)
Ескертпе: қыру ұштарын және шаш жиналатын орындарды берілген щеткамен тазалауға болады.
Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолыңызды күйдіріп алмас үшін, әрдайым судың өте ыстық еместігін тексеріп тұрыңыз.
4 Артық суды ақырын сілкіп тастап, қыру бөлігін толық кептіріп алу үшін, қыру ұштарын ашық күйде қалдырыңыз.
Қыру бөлігін орамалмен немесе шүберекпен сүртпеңіз. Қыру ұштары зақымдануы мүмкін.

Jet Clean жүйесі екі түрде беріледі:
- RQ1008 түрінде үш тазалау бағдарламасы бар: «Эко» бағдарламасы, «Авто» бағдарламасы және қарқынды тазалау бағдарламасы.
Керекті тазалау бағдарламасын таңдау үшін, жоғары/төмен түймесін басыңыз. (Cурет 29)
Ескертпе: Қуатты үнемдеу мақсатында, «Эко» бағдарламасының құрғату уақыты қысқалау болады. Ал қарқынды тазалау бағдарламасы
мұқият тазалауға арналған.
- RQ1007 түрінде бір автоматы тазалау бағдарламасы бар. Қосу/өшіру түймесі басылғанда, Jet Clean жүйесі автоматты тазалау
бағдарламасында тазалайды. (Cурет 30)

Алғаш қолданар алдында, тазалау орнын толтырып алыңыз.
1 Кішкентай штепсельдік ұшты Jet Clean жүйесіне жалғаңыз.
2 Адаптерді қабырғадағы розеткаға жалғаңыз.
, Ұстағыш автоматты түрде ең жоғарғы позициясына жылжиды.
3 Тазалау орнының екі бүйіріндегі босату түймелерін бір уақытта басыңыз (1). Одан кейін, Jet Clean жүйесін тартып, тазалау
орнынан шығарыңыз (2). (Cурет 31)
, Тазалау орны астында қалады.
4 Тазалау сұйықтығы бар шишаның қақпағын бұрап ашыңыз.
5 Тазалау орнының екі сызығының ортасына дейін HQ200 тазалау сұйықтығын құйыңыз (Cурет 32).
 115

Содержание

Скачать