Philips RQ12/50 [118/266] Қазақша

Philips RQ12/50 [118/266] Қазақша
Ақаулық Ықтимал себеп Шешімі
Jet Clean жүйесі электр ұстараны дұрыстап
тазаламаған, себебі, тазалау орнындағы тазалау
сұйықтығы ластанып қалған немесе тазалау
сұйықтығының деңгейі өте төмен.
Қырынуды жалғастырмас бұрын, электр ұстараны
жақсылап тазалаңыз. Керек болса, тазалау орнын
тазалап, сұйықтық құйыңыз («Тазалау және
техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
Қосу/өшіру түймесін
басқанда, ұстара
қосылмайды.
Қайта зарядталатын батарея қуаты таусылған. Батареяны зарядтаңыз («Зарядтау» тарауын
қараңыз).
Сапар құлпы іске қосылған. Сапар құлпын өшіру үшін, қосу/өшіру түймесін 3
секунд басып тұрыңыз.
Қыру бөлігі мотор істемейтін дәрежеде ластанған
немесе зақымданған. Бұндай жағдайда, қыру
бөлігінің белгісі, суқұбыр шүмегінің белгісі және леп
белгісі жыпылықтайды.
Қыру бөлігін тазалаңыз немесе алмастырыңыз
(«Тазалау және техникалық қызмет көрсету» және
«Ауыстыру» тарауларын қараңыз).
Электр ұстара температурасы тым жоғары. Мұндай
жағдайда, ұстара жұмыс істемейді және дисплейде
леп белгісі жыпылықтайды.
Электр ұстараны өшіріп, суытып алыңыз. Электр
ұстараның температурасы төмендегеннен кейін, оны
қайта қосуға болады.
Jet Clean жүйесімен
тазалағаннан кейін де
электр ұстара дұрыс
тазаланбайды.
Тазалау орнындағы тазалау сұйықтығы ластанған. Тазалау орнын босатып, шайыңыз.
Тазалау сұйықтығының деңгейі өте төмен. Тазалау
кезінде, тазалау орнындағы сұйықтық мөлшері ең
төменгі деңгейінен аз болса, тазалау бағдарламасы
тоқтайды.Тазалау шамы және «тазалау орны бос»
белгілері кезек-кезек жыпылықтап, ұстағыш
бастапқы қалпына жылжиды.
Тазалау орнының екі сызығының ортасына дейін
тазалау сұйықтығын қайта құйыңыз («Тазалау және
техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
Түпнұсқа Philips тазалау сұйықтығынан басқа
сұйықтық қолданылған.
Тек HQ200 Philips тазалау сұйықтығын
пайдаланыңыз.
Қосу/өшіру түймесі
басылғанда, Jet Clean
жүйесі қосылмайды.
Jet Clean жүйесі розеткаға жалғанбаған. Кішкентай штепсельдік ұшты Jet Clean жүйесіне
жалғап, адаптерді қабырға розеткасына жалғаңыз.
Электр ұстара Jet Clean жүйесіне дұрыс салынбаған,
сондықтан Jet Clean жүйесі мен ұстара арасында
электр байланысы жоқ.
Орнына түсіру үшін, электр ұстараны ұстағышқа
мықтап салыңыз.
Зарядтағышпен/Jet Clean
жүйесімен зарядтаған
кезде, электр ұстара
толық зарядталмайды.
Электр ұстара зарядтағышқа/Jet Clean жүйесіне
дұрыс салынбаған.
Электр ұстараның орнына түскенін басып тексеріңіз.
RQ1008: Jet Clean
жүйесінің жұмыс уақыты
бұрынғыға қарағанда
кенет төмендеді.
Басқа тазалау бағдарламасы таңдалған. Jet Clean
жүйесінде үш түрлі тазалау бағдарламасы бар:
«Эко» бағдарламасы, қалыпты тазалау
бағдарламасы және қарқынды тазалау
бағдарламасы. Бұл бағдарламалардың жұмыс
уақыты әртүрлі болады.
Керекті тазалау бағдарламасын таңдау үшін, Jet Clean
жүйесіндегі жоғары/төмен түймесін басыңыз
(«Тазалау және техникалық қызмет көрсету»
тарауын қараңыз).
ҚазаҚша118

Содержание

Скачать