LG WSEZ7213B1 [38/104] Ескерту

LG WSEZ7213B [38/104] Ескерту
4
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар!
Дұрыс орындалмаған жөндеу жұмыстары қауіпті болып табылады. Біздің сатудан кейін
қызмет көрсету жөніндегі білікті техник мамандарымыз ғана жөндеу жұмыстарын орындап,
зақымдалған қуат кабельдерін ауыстыра алады. Егер құрылғы ақаулы болса, құрылғыны
қуат желісінен ажыратыңыз немесе сақтандырғыш қалқанындағы автоматты тізбек үзгішін
өшіріңіз. Сатудан кейін қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.
Құрылғының ыстық бөліктеріне тиген кезде электрлік құрылғылардағы кабель оқшаулауы
еріп кетуі мүмкін. Электрлік құрылғы кабельдерін ешқашан құрылғының ыстық бөліктеріне
тигізбеңіз.
Электр тогының соғуына әкелетін жоғары қысымды тазартқыштарды немесе
бутазартқыштарды пайдаланбаңыз.
Ақаулы құрылғы электр тогының соғуына әкелуі мүмкін. Ешқашан ақаулы құрылғыны
қоспаңыз. Құрылғыны қуат желісінен ажыратыңыз немесе сақтандырғыш қалқанындағы
автоматты тізбек үзгішін өшіріңіз. Сатудан кейін қызмет көрсету орталығымен
байланысыңыз.
Күйіп қалу қаупі бар!
Құрылғы қатты қызады. Ешқашан құрылғының ішкі беттеріне немесе қыздыру элементтеріне
қол тигізбеңіз.
Құрылғыны әрқашан суытып алыңыз.
Балаларды қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз.
Керек-жарақтар мен пеш ыдыстары қатты қызады. Керек-жарақтарды немесе пеш
ыдыстарын қуыстан шығару үшін әрқашан пеш қолғаптарын қолданыңыз.
Алкоголь булары пештің ыстық бөлімінде тұтануы мүмкін. Ешқашан құрамында көп
мөлшерде алкоголь қамтитын сусындары бар тағамды дайындамаңыз. Құрамында
алкоголь көлемі жоғары деңгейде болған сусындарды тек аз мөлшерде ғана пайдаланыңыз.
Құрылғы есігін абайлап ашыңыз.
Күйіп қалу қаупі бар!
Қол жетімді бөліктер жұмыс кезінде қызады. Ыстық бөлшектерді ешқашан ұстамаңыз.
Балаларды қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз.
Құрылғының есігін ашқан кезде ыстық бу шығып кетуі мүмкін. Температурасына қарай
бу көрінбеуі мүмкін. Құрылғыны ашқан кезде оған тым жақын тұрмаңыз. Құрылғы есігін
абайлап ашыңыз. Балаларды жақындатпаңыз.
Ыстық қуыстағы су ыстық бу шығаруы мүмкін. Ешқашан ыстық қуысқа су құймаңыз.
Жарақат алу қаупі бар!
Пештің шыны есігін тазалау үшін қатты абразивті тазалау құралдарын немесе өткір металл
қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар шыны бетке сызат түсіріп, нәтижесінде оның
сынуына әкелуі мүмкін.
Құрылғының есігін ашқанда және жапқанда есіктегі ілмектер қозғалады, сондықтан қолыңыз
қысылып қалуы мүмкін. Қолыңызды ілмектерден алшақ ұстаңыз.

Содержание

Скачать