LG HCEZD2427B Инструкция по эксплуатации онлайн [24/28] 618526

LG HCEZD2427B Инструкция по эксплуатации онлайн [24/28] 618526
1. Сақтау
Құрылғыны үй-жайлардан тыс немесе ауа-райы жағдайларының тікелей әсер етуіне ұшырайтын жерлерде
сақтамаңыз (тікелей күн жарығы, жел, жаңбыр немесе ноль градустан төмен температура).
2. Тасымалдау
Бұйымды көліктің кез келген түрімен көліктің осы түріне қолданылатын жүк тасымалдау ережелеріне сәйкес
тасымалдайды.
Тасымалдау зақымдалу жоққа шығарылатын жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс.
Тиеу-түсіру жұмыстары кезінде бұйымды соққы жүктемелеріне ұшыратуға тыйым салынады.
3. Өткізу
Өнімді сату оның аумағында өткізу жүзеге асырылатын елдің қолданыстағы заңнамасымен белгіленген
ережелерге сәйкес іске асырылады.
4. Кәдеге жарату
Ескі электрондық бұйымдардың құрамында қауіпті заттар болуы мүмкін, сондықтан ескі жабдықты дұрыс
кәдеге жарату қоршаған орта мен адам денсаулығы үшін ықтимал жағымсыз салдарды болдырмауға
көмектеседі. Ескі жабдықтың құрамында басқа бұйымдарды жөндеу үшін қайта пайдалануға болатын
бөлшектер, сондай-ақ шектелген ресурстарды сақтап қалу үшін қайта өңдеуге болатын басқа да құнды
материалдар болуы мүмкін.
Ескі жабдықты кәдеге жарату туралы толығырақ ақпарат алу үшін тиісті қала қызметтеріне, кәдеге жарату
пункттеріне немесе осы өнім сатып алынған дүкенге жүгінуіңізді өтінеміз.

Содержание

Скачать