LG HCEZD2427B [23/28] Ақауларды жою

LG HCEZD2427B [23/28] Ақауларды жою
11
АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ
ҚАЗАҚ
АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ
Қызмет көрсетуге шақырмастан бұрын
Белгілер Ықтимал себептері / Шешімдер
Жарық жанады,
бірақ мотор жұмыс
істемейді
Қалақшалар бітелген.
Конденсатор зақымдалған.
Конденсаторды ауыстырыңыз.
Мотор зақымдалған.
Моторды ауыстырыңыз.
Мотордың ішкі сымдары үзілген/ажыраған. Жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Моторды ауыстырыңыз.
Жарық та, мотор да
жұмыс істемейді.
Жоғарыдағыға қоса, төмендегіні де тексеріңіз:
Шам зақымдалған.
Шамдарды ауыстырыңыз.
Қуат сымы босап қалған.
Сымдарды электр схемасына сәйкес қосыңыз.
Май ағады
Шығыс пен ауаны желдету кірісі дұрыс тығыздалмаған.
Шығысты алып, оны желіммен тығыздаңыз.
U-тәрізді бөлім мен қақпақ қосылысынан ағады.
U-тәрізді бөлімді алып, оны сабынмен немесе бояумен тығыздаңыз.
Діріл
Қалақ зақымдалса, діріл болуы мүмкін.
Қалақты ауыстырыңыз.
Мотор қатты бекітілмеген.
Моторды қатты бекітіңіз.
Асханалық ауа сорғыш қатты бекітілмеген.
Асханалық ауа сорғышты қатты бекітіңіз.
Дұрыс сормайды
Асханалық ауа сорғыш пен плита бетінің ара-қашықтығы тым үлкен.
Қашықтықты қайта баптаңыз.
Ашық есіктер мен терезеден тым көп ауа үрлейді.
Құрылғыны орнататын басқа жерді таңдаңыз немесе есікті / терезені
жабыңыз.
Механизм қисық тұр
Бекіту бұрандалары қатты тартылмаған.
Бекіту бұрандаларын тартып бұрап, оларды көлденең күйге келтіріңіз.
Ілу бұрандалары қатты тартылмаған.
Ілу бұрандаларын тартып бұрап, оларды көлденең күйге келтіріңіз.
Өндіруші ауа сорғышты пайдаланған кезде, орнату, техникалық қызмет көрсету және пайдалануға қатысты
жоғарыдағы ұсыныстар мен нұсқаулықтар орындалмаса және сақталмаса, барлық жауапкершіліктен бас
тартады.

Содержание

Скачать