Polaris PHC 3017RC Argan Therapy PRO [27/34] Шаш алынуының әртүрлі ұзындығына арналған төрт ауыстырмалы қондырма

Polaris PHC 3017RC Argan Therapy PRO [27/34] Шаш алынуының әртүрлі ұзындығына арналған төрт ауыстырмалы қондырма
27
5. Жиынтықтама
Аспап
Зарядтауға арналған тұғырық
Желілік адаптер
Шаш алынуының әртүрлі ұзындығына арналған төрт ауыстырмалы қондырма
Кескіш жинақты майлауға арналған май
Тазалауға арналған щетка
Пайдаланушы нұсқаулығы
Кепілдік талоны
6. Жұмысқа дайындық
Аккумуляторлық батареяны қуаттандыру
- аспапты алғашқы пайдаланар алдында аккумуляторлық батареяны толық разрядтау және зарядтау қажет.
- аккумуляторлық батареяның зарядталуын +10о
С
төмен емес және +35
о
С жоғары емес температурада
жүргізіңіз.
- толық зарядталудың уақыты – 90 минут.
- аккумуляторлық батареяны зарядтау үшін қуаттандыру баусымы істікшесін қуат көзін қосуға арналған
ағытпаға қосыңыз және адаптерді желіге қосыңыз. Бұл ретте қызыл жарық СHARGE зарядтау индикаторы
мен батарея зарядының 5-сатылы индикаторы жанады. Машинка бұл ретте сөндірілген болуы қажет:
ауыстырып-қосқыш Off жайғасымында.
-егер машинка бір ай бойы пайдаланылмаса, аккумуляторлық батареяны пайдаланар алдында толықтай
зарядтаңыз.
Назар аударыңыз! аккумуляторлық батареяның қызмет көрсету мерзімін ұзарту үшін машинка толық
разрядталғанына дейін пайдаланыңыз, содан кейін батареяны толықтай зарядтаңыз.
Машинкамен желіден жұмыс істеу үшін адамптерді машинкадағы ағытпаға жалғастырыңыз және адаптер
айырын желіге қосыңыз.
Майлау және реттеу
Назар аударыңыз! Бірінші пайдаланар алдында жүздердің тісшелерін маймен майлаңыз.
Шаш алуды бастар алдында аспапты тексеріңіз, жүзінің тісшелерінің арасында артық май жоқ
екеніне көз жеткізіңіз. Аспапты іске қосыңыз және жүздердің жүрісіне қараңыз, олар кедергісіз
қозғалуы тиіс.
Жүздердің кескіш жинағын майлау үшін құралды
жеткізу жинағына кіретін майды ғана пайдалануға
рұқсат етіледі. Май жағылатын нүктелер суретте
белгіленген, нүктелердің әрқайсысына май 1 тамшыдан
асырмай жағылады, содан кейін, май үйкелісетін бетерге
үлесіп тарауы үшін, машинкаға 30 секунд шамасында
жұмыс істету қажет, содан кейін артық май құрғақ
матамен немесе қағаз майлықпен кетіріледі. Майды
авторизацияланған сервистік орталықтан жеке сатып
алуға болады.
Шаш алған кезде сіз әртүрлі ауыстырмалы қондырмаларды шаш алу үлгісіне байланысты пайдалана
аласыз. Қондырмалар шаш алу сапасын жақсарту үшін арнайы әзірленген. Шаштың қажетті ұзындығын
таңдау үшін қондырмалар қоса беріледі (3, 6, 9, 12 және 16 мм).
Шашын алатын адамды орындыққа, оның басы Сіздің көзіңіздің деңгейінде болатындай, отырғызыңыз.
Бұл шолып қарауды және шаш алу процесін бақылауға мүмкіндік береді.
Түйін болып шатасқан шаштарды алып тастау үшін шашаты мұқият тараңыз.
Шашты алу процесінде шаш құрғақ болуы тиіс.
Қондырмаларды орнату/алып тастау
Машинканы, жүздерін жоғары қаратып, алыңыз
Қондырманы аспап жүздеріне (1) орнатыңыз. Қондырманы аспапта сыртыл естілгенше бекітіңіз.
Қондырманы алып тастау үшін бас бармақты қойыңыз және қондырманы, сыртыл естілгенше шешіп
алыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать