Polaris PSS 9090K Turbo Steam [80/88] Осы аспап қауіпсіздігі бойынша арнайы

Polaris PSS 9090K Turbo Steam [80/88] Осы аспап қауіпсіздігі бойынша арнайы
ОСЫ АСПАП ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША АРНАЙЫ
НҰСҚАУЛАР
Үтіктің ыстық беттеріне қол тигізбеңіз. Тұтқа мен батырмаларды пайдаланыңыз.
Егер зақымданудың көзге көрінетін белгілері болса немесе саңылаусыздығы бұзылған болса
құлағаннан кейін үтікті
пайдаланбау дұрыс болады;
Үтіктеген кезде және үтіктеулер арасындағы үзілістерде үтік аспап тұғырығында орналасуы тиіс;
Желіге қосылған үтікті қадағалаусыз қалдырмаңыз. Сіз үтіктеп жатқан үй-жайдан шыққаныңызда, тіпті
үй-жайды өте қысқа мерзімге шығатын болсаңыз да, үтікті желіден ажыратыңыз.
Өзіңіздің үтігіңізді үтіктейтін тақтайда жатқан күйде ешқашан қалдырмаңыз. Үтіктеулер арасында
үзілістер жасайтын болсаңыз, оны ылғи тұғырыққа қойыңыз.
Балаларды үтікке жақындатпаңыз, әсіресе Сіз бу шығару функциясын қолданғаныңызда. Жұмыс істеген
кезде бу генераторы қатты қызады және үтік бетіне қол тигізу немесе будың теріге түсуі қатты күйіктер
тудыруы мүмкін.
Үтік шығаратын ыстық бу өте қауіпті. Бу ағынын адамдарға немесе үй жануарларына бағыттамаңыз.
Адам киіп тұрған киімді ешқашан үтікемеңіз немесе буламаңыз.
Аспапты жұмыс істеп тұрған плитаның немесе электрмен қыздырылатын басқа аспаптардың жанында
пайдаланбаңыз.
Желілік баусымның және жалғастырғыш құбыршектің ыстық беттермен немесе үтік табанымен
жанасуына жол бермеңіз.
Тазалаған, сақтаған кезде аспапты электр желісінен ажыратып қойыңыз.
Суға арналған резервуарға сіркесу немесе қаққа қарсы құралдарды құймаңыз.
Үтік табанының үшкір металл беттермен жанасуына жол бермеңіз, бұл табанда сызаттардың пайда
болуына жол бермейді және оның қызмет ету мерзімін ұзартады.
Назар аударыңыз!
Аспапты қаптар алдында оған толығымен сууға уақыт беріңіз.
80

Содержание

Похожие устройства

Скачать