Polaris PMC 0530 Wi-Fi IQ Home [248/260] Бұл ретте бағдарламаның жұмысының әртүрлі сәттерінде ыдыстың ішіндегісіне

Polaris PMC 0530 Wi-Fi IQ Home [248/260] Бұл ретте бағдарламаның жұмысының әртүрлі сәттерінде ыдыстың ішіндегісіне
Автоматты бағдарламаларды баптау температурасы анықтама үшін көрсетілген,
олардың дайындау барысында өзгеруі автоматты түрде пайдаланушының
қатысуынсыз орын алады.
Бұл ретте бағдарламаның жұмысының әртүрлі сәттерінде (ыдыстың ішіндегісіне
байланысты) температура нұсқаушы болып табылатын анықтамалық мәннен
ерекшеленуі мүмкін.
Мысалы: орнатылған 115 ºC температурада және ыдыста сұйықтық бар болғанда
өлшеген кезде ыдыстағы температура 100 ºC мәннен (судың қайнау температурасы)
аспайды, бұл ретте судың ыдыста қайнауы қарқынды болады. Бұл ретте
температураның орнатылған және нақты мәндері арасындағы айырма аспап
ақаулығының белгісі болып табылмайды.
Егер бағдарлама пісіруге (сумен жұмыс істеу) есептелген болса, онда ыдыстағы су
қайнап біткенде немесе болмағанда бағдарлама автоматты түрде тоқтатылады,
өйткені ыдыс түбінің температурасы осы бағдарламаға арналған қауіпсіздік шегінің
мәнінен асып кетеді. Бағдарламаның сусыз тоқтатылуы қорғаныс жүйесінің қалыпты
реакциясы болып табылады.
Өлшеулерді жүргізгенде мыналарды есепке алу керек:
Температураны өлшеу нүктесі аспапқа орнатылған ыдыс түбінің оратасында
орналасады, өлшеу аспаптың жабық қақпағында бекітілген датчикпен
(терможұппен) жүргізіледі.
Мәнді дұрыс бағалау үшін өлшеуді бағдарламаны өтудің бүкіл уақыты ішінде
өлшеулер арасында 30 сек. уақыт аралығымен жүргізу керек.
Алынған мәндердің негізінде температуралық-уақыттық тәуелділіктің диаграммасы
құрастырылады, температура салыстырмалы өзгермейтін максималды және
минималды мәндерде кезеңдікпен өзгеретін орны елгілі температураны ұстау
орны) анықталады
Температураның анықтамалық мәні белгілі температураны ұстау орнындағы
минималды және максималды мәндер арасында орналасатын болады.
Өлшеген кезде автоматты бағдарламалардың ерекшеліктерін ескеру керек:
егер бағдарлама сұйықтықпен умен) жұмыс істеуге есептелген болса, онда
өлшеген кезде ыдысқа 1 л су құю керек.
Егер бағдарлама сусыз жұмыс істеуге есептелген болса, өлшеулерді бос ыдыспен
жүргізу керек.
Ыдыста азық-түлік бар болғанда өлшенген мәндер анықтамалықтардан өнімдер
құрамындағы сұйықтықтың (судың) әртүрлі мөлшеріне байланысты болуы мүмкін,
сұйықтықтың қайнауы физика заңдарына сәйкес өлшеу нүктесінде температураға 100
ºC-ден артық жоғарлауға мүмкіндік бермейді.
Нақты бапталған мәндерге жақын мәндерді алу үшін қайнау температурасы берілген
анықтамалық мәннен асатын (мысалы, өсімдік майы), салмағы өнім салмағына
баламалы сұйықтықты пайдалану керек.
248

Содержание

Похожие устройства