Polaris PMC 0530 Wi-Fi IQ Home [252/260] Істегендегі сақтық шаралары

Polaris PMC 0530 Wi-Fi IQ Home [252/260] Істегендегі сақтық шаралары
11. МУЛЬТИПІСІРГІШПЕН ЖҰМЫС
ІСТЕГЕНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Аспапты қолданғанда оның айналасында жеткілікті бос орын бар екендігіне көз
жеткізіңіз. Аспап жиһаз, перделер және басқ. өртке қауіпті объектілерден кем дегенде
15 см қашықтықта орналасуы керек.
Аспапты қабырғалар мен жиһазға тікелей жақындықта жайғастырмаңыз, өйткені
жұмыс кезінде аспаптан бу шығады, бұл жиһаз заттарының және қабырғалар
жабынының түсінің өзгеруі мен деформациялануына әкелуі мүмкін.
Жұмыс барысында мультипісіргішті сүлгімен немесе басқа заттармен бүрікпеңіз, бу
еркін шығуы керек.
Аспапты пайдаланғанда оны құрғақ тегіс жылуға төзімді бетке орнатыңыз, аспап
түбіндегі желдеткіш тесіктердің бөгде заттармен, дастарқандармен, маталы
жабындармен немесе тағы бірдеңемен жабылуына жол бермеңіз, өйткені бұл артық
қызып кетуге әкелуі мүмкін.
Алғашқы пайдаланар алдында бқгде иістерді жою үшін мультипісіргіште ыдысты
жартылай толтырып 30 минут ішінде температуралық режимде («Бумен пісіру») суды
қайнатып алу ұсынылады.
Ішкі ыдысы орнатылмаған мультипісіргіште бағдарламалардың орындалуын іске
қоспаңыз, бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде ыдысты мультипісіргіштен алып
шықпаңыз.
Мультипісіргішті жылу көздерінің (газ немесе электрлік пештер) жанында
қолданбаңыз.
Күйіп қалуға жол бермеу үшін жұмыс істеп тұрған аспапқа қол тигізбеңіз. Пайдалануды
айяқтағаннан кейін мультипісіргішке сууға уақыт беріңіз.
Аспапты желіге қосар алдында кернеуді тексеріп алыңыз.
Егер тамақ дайындамайтын болсаңыз, электрлік аспапты желіге қосылған күйде
қалдырмаңыз.
Аспапты желіден ажыратар алдында ол күту режимінде екендігіне және бағдарлама
іске қосылмағанына көз жеткізіңіз.
Электр желісіне қосылып тұрған аспапты ешқашан көтермеңіз/жылжытпаңыз.
Мультипісіргішті қақпағының тұтқасынан ұстап көтермеңіз, бұл құлыптың сынуына
әкелуі мүмкін.
Ішкі ыдысы азық-түлікке толған аспапты тасымалдамаңыз.
Мультипісіргіш жұмыс істеп тұрған кезде ішкі ыдысқа қол тигізбеңіз.
Ыдыстың ішкі бетін тықылдатпаңыз, оны күш салып тазартпаңыз және аспапты тазалу
үшін қажақ тазартқштарды және жемір жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
Араластыру үшін немесе ыдыстан азық-түлікті алып шығу үшін металл керек-
жарақтарды пайдаланбаңыз, олар күюге қарсы жабынды бүлдіруі мүмкін. Ағаш,
пластик немесе силиконды керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
Дайындау барысында асүйлік керек-жарақтарды ыдыста қалдырмаңыз.
Нығыздағыш сақинасы жоқ немесе бүлінген мультипісіргішті пайдаланбаңыз.
Нығыздағыш сақинаны ауыстыру үшін авторизацияланған сервистік орталыққа
жүгініңіз.
Азық-түлікті немесе суды мультипісіргіште ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
Ыдысты азық-түлікпен максималды деңгей белгісінен жоғары толтырмаңыз.
Ыдысқа сіркесу құймаңыз, бұл жабынды бүлдіруі мүмкін.
Мультипісіргіштің ыдысын тамақта мультипісіргіштен тыс дайындау үшін
пайдаланбаңыз, оны плитада және жылудың басқа көздерінде қыздырмаңыз.
252

Содержание

Похожие устройства