Electrolux RKR560202X [13/76] Қызу параметрі

Electrolux RKR560202X [13/76] Қызу параметрі
деңгейіне байланысты (сөніп, іске
қайта қосылып) үзіліссіз жұмыс істейді.
6.2 Қызу параметрі
Белгіше
лер
Функция
Сөндіру қалпы
Қос алаң
Жылы ұстау
1 - 9 Қыздыру параметрлері
Қуат тұтынуды азайту үшін
қалдық қызуды
пайдаланыңыз. Пісіру
алаңын тағам пісіруді
аяқтауға шамамен 5 - 10
минут қалғанда сөндіріңіз.
Таңдалған пісіру алаңының тетігін
қажетті қызу параметріне бұраңыз.
Пеш үстін басқару индикаторы
жанады.
Тағам пісіруді аяқтау үшін басқару
тетігін "оff" қалпына койыңыз.
Пісіру алаңдарының барлығы
сөндірілсе, пештің үстін басқару
индикаторы сөнеді.
6.3 Қарапайым пісіру алаңын
қолдану
Қарапайым пісіру алаңын пайдалану
үшін тиісті тетікті келесі қалыптардың
біріне бұраңыз: 1-9.
1-ден 3-ке дейінгі қызу
параметрлерінде алаң
шамамен 2-3 секунд қызыл
түсті болып жанып, содан
кейін сөнеді.
8-ші немесе 9-шы қызу
деңгейін орнатқан кезде
алаң ең жоғарғы қуат
деңгейінде жұмыс істейді.
6.4 Сыртқы шеңберлерді (қос
немесе сопақ) іске қосу және
сөндіру
Дайындаған бетті ыдыстың өлшеміне
қарай реттеуге болады.
1. Егер 1-ден 9-ға дейінгі қызу
деңгейін таңдасаңыз, пісіру
алаңының тек орталық бөлігі ғана
жұмыс істейді.
2. Сыртқы шеңберді іске қосу үшін
тетікті сағат тілінің бағытымен 9-
дан
белгісіне қарай асырып
қойыңыз.
3. Содан кейін тетікті сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, қажетті
қызу параметріне (1-9) қойыңыз.
Орталық бөлік пен сыртқы шеңбер
бірге жұмыс істейді.
Сыртқы шеңберді сөндіру үшін
басқару тетігін "оff" қалпына койыңыз.
Орталық бөлік те, сыртқы немесе
сопақ шеңбер де сөнеді. Индикатор
сөнеді. Пісіру алаңының орталық
бөлігін қайта қосу үшін қызу
параметрінің 1-9 аралығындағы
деңгейін таңдаңыз.
6.5 Қалдық қызу индикаторы
ЕСКЕРТУ!
Индикатор жанып тұрғанда
қалдық ыстықтан күйіктер
алу қаупі бар.
Әзірлеу аймағы ыстық болса
индикатор көрінеді, бірақ ол негізгі
қуат ажыратылған болса, жұмыс
істемейді.
Сондай-ақ бұл индикатор мына
жағдайда көрінуі мүмкін:
тіпті пайдаланып жатпасаңыз да,
іргелес әзірлеу аймақтары үшін,
суық әзірлеу аймағына ыстық ыдыс
қойылғанда,
плита белсенсіздірілгенде, бірақ
әзірлеу аймағы әлі ыстық кезде.
Бұл индикатор әзірлеу аймағы
суығанда жоғалады.
ҚАЗАҚ 13

Содержание

Похожие устройства

Скачать