Electrolux RKR560202X [36/76] Қоршаған ортаға қатысты жағдайлар

Electrolux RKR560202X [36/76] Қоршаған ортаға қатысты жағдайлар
15.2 Тұмшапеш - Қуатты
үнемдеу
Пештің күнделікті тамақ
пісіру кезінде қуат
үнемдеуге көмектесетін
мүмкіндіктері бар.
Тұмшапеш жұмыс істеп тұрғанда
есігінің жабық екеніне көз жеткізіңіз.
Тұмшапештің есігін тағамды пісіру
кезінде жиі ашпаңыз. Есіктің
тығыздағышын таза ұстаңыз және
оның өз орнында тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Егер мүмкін болса, пешті пайдаланар
алдында алдын ала қыздырмаңыз.
Бірнеше тағамды бір уақытта пісірген
кезде, пісіру циклдарының арасын
барынша қысқа етіңіз.
Желдеткішпен пісіру
Егер мүмкін болса, қуатты үнемдеу
үшін желдеткіші бар пісіру
функцияларын пайдаланыңыз.
Ылғалмен пісіру
Тағам пісіру барысында қуатты
үнемдеуге арналған функция. Толық
мәліметті "Тұмшапеш - Күнделікті
пайдалану" тарауының "Тұмшапеш
функциялары" бөлімінен қараңыз.
16. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды
қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.
Орам материалдарын қайта өңдеуден
өткізу үшін тиісті контейнерлерге
салыңыз. Электрлік және
электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу
арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге
өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
Осы өнімнің өндірілген күні сериялық нөмірде көрсетілген,
оның нөмірінің бірінші саны өндірілген жылдың соңғы
санына, екінші және үшінші сандар аптаның реттік нөміріне
сәйкес келеді. Мысалы, 14512345 сериялық нөмірі өнім 2021
жылдың қырық бесінші аптасында өндірілгенін білдіреді.
Өндіруші: Electrolux Appliances AB, St. Göransgatan 143, 105
45 Stockholm, Швеция
Импорттаушы және өндірушінің уәкілетті ұйымы:
OOO «Электролюкс Рус», Кожевнический проезд 1, 115114,
Мәскеу/Москва, тел.: 8-800-444-444-8
Румыния жасалған
www.electrolux.com36

Содержание

Похожие устройства

Скачать