Mitsubishi Electric LN25 VG R Ruby/Red [51/100] Үн режимінің жұмысы

Mitsubishi Electric LN25 VG R Ruby/Red [51/100] Үн режимінің жұмысы
KK-11
KK
ТҮН РЕЖИМІНІҢ ЖҰМЫСЫ
NIGHT MODE (ТҮНГІ РЕЖИМ) режимін белсендіру
үшін, жұмыс кезінде
белгішесін басыңыз.
Жұмыс индикаторының шамы көмескіленеді.
Дыбыстық сигнал өшеді, бірақ жұмыс іске қосылғанда немесе
тоқтағанда шығады.
Сыртқы жабдықтың шу деңгейі ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
бөлімінде көрсетілгеннен төмен болады.
NIGHT MODE (ТҮНГІ РЕЖИМ) режимінен бас тарту
үшін
белгішесін қайта басыңыз.
Ескертпе:
Жабдықты іске қосудан кейін, қорғау операциясы барысында немесе
басқа жұмыс шарттарына байланысты сыртқы жабдықтың шу деңгейі
өзгермеуі мүмкін.
Ішкі жабдықтың желдеткіш жылдамдығы өзгермейді.
Жұмыс индикаторының шамы жарық бөлмеде дұрыс көрінбейді.
NIGHT MODE (Түнгі режим) режимінде жұмыс жасағанда POWERFUL
(Қуатты) жұмыс істеуі сыртқы блоктың шу деңгейін жоғарылатады.
Көп жүйелі жұмыс барысында сыртқы жабдықтың шу деңгейі
төмендемейді.
NIGHT MODE (ТҮНГІ РЕЖИМ) режимі жұмыс индикаторының
жарықтығын өзгертеді, дыбыстық сигналды өшіреді жəне сыртқы
жабдықтың шу деңгейін шектейді.
АУА ТАЗАРТУ ОПЕРАЦИЯСЫ
АУА ТАЗАРТУ операциясын бастау үшін,
түймесін басыңыз.
• АУА ТАЗАРТУ шамы қосылады. (Дисплей бөлімі)
АУА ТАЗАРТУ операциясынан бас тарту үшін
түймесін қайта басыңыз.
• АУА ТАЗАРТУ шамы өшеді. (Дисплей бөлімі)
Ескертпе:
Жұмыс кезінде ауа тазарту құрылғысын ешқашан ұстамаңыз. Ауаны
тазартатын құрылғы қауіпсіздікті ескере отырып жасалған болса да,
бұл құрылғыға қол тигізу қиындық тудыруы мүмкін, өйткені бұл құрылғы
жоғары кернеулі электр қуатын шығарады.
Ауаны тазарту кезінде «ысқырған» дыбыс естілуі мүмкін. Бұл дыбыс
плазма босатылған кезде шығады. Бұл ақау емес.
Алдыңғы панель толығымен жабылмаса, ауаны тазарту шамы
жанбайды.
АУА ТАЗАРТУ операциясында ішкі блоктың кіріктірілген құрылғысы
ауадағы саңырауқұлақтар, вирустар, зеңдер жəне аллергендерді
азайтады.
JG79Y450H01_03Kk.indd 11 2020/07/09 14:54:45

Содержание

Похожие устройства

Скачать