Scarlett SC-SI30K58 [19/44] Қыздыру режимінде 2 минут тоққа қосып қойыңыз да содан кейін үтікті электр желісінен ажыратыңыз

Scarlett SC-SI30K58 [19/44] Қыздыру режимінде 2 минут тоққа қосып қойыңыз да содан кейін үтікті электр желісінен ажыратыңыз
IM022
www.scarlett.ru SC-SI30K58
19
Үтікті сондай-ақ тұғырмен бірге негізгі функцияларды орындау үшін пайдалануға болады.
Ол үшін үтікті тұғырға « » қалпына бекітіп қойыңыз.
СУ ШАШЫРАТУ
Сауытта су жеткілікті мөлшерде болса, су шашыратуды кез келген жұмыс режимінде
қолдануға болады.
Бұл үшін су шашырату түймесін бірнеше рет басыңыз.
БУЛАУ
Үтікті электр желісінен ажыратыңыз да, сауытқа су құйыңыз.
Үтікті үтіктеу тақтасына тігінен қойыңыз да, электр желісіне жалғаңыз.
Жылу реттегіш тетікті “••” немесе “•••” қалпына орнатыңыз.
Булау дәрежесін реттегіш тетікті керекті қалыпқа орнатыңыз.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Күйіп қалмас үшін үтіктің табанындағы тесіктерден шығатын будың
шарпуына жол бермеңіз.
ҚҰРҒАҚ ҮТІКТЕУ
Сауытта су толы болған жағдайда да құрғақ үтіктеу режимінде үтіктеуге болады. Алайда,
бұл режимде ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген кезде, сауытқа тым көп су құймаған дұрыс.
Булау дәрежесін реттегіш тетікті « » қалпына орнатыңыз.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Егер жұмыс барысында бумен үтіктеуді қолдану қажет болса, ал
сауытта су болмаса, үтікті электр желісінен ажыратыңыз да, ол суығанша күте тұрыңыз,
тек содан кейін ғана су құйыңыз.
БУ СОҚҚЫСЫ
Бұл функция матаның қатты мыжылған жерлерін тегістеген кезде буды қосымша бір
дүркін беру үшін қолданылады.
Бу соққысы түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бу тесіктерінен судың ағуына жол бермеу үшін бу соққысы түймесін 5
секундтан артық басулы күйде ұстап тұруға болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Бу соққысы түймесін қатарынан 3 реттен артық баспаңыз, әйтпесе үтік суып
қалады.
ТІГІНЕН БУЛАУ
Сауыттағы судың жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
Үтікті электр желісіне жалғаңыз да, оны тігінен қойыңыз.
Жылу реттегіш тетік пен булау дәрежесін реттегіш тетікті ең үлкен қалыпқа орнатыңыз.
Үтікті тігінен ұстап тұрып, бу соққысы түймесін басыңыз.
АҒЫП КЕТУДЕН ҚОРҒАЙТЫН «АНТИ ТАМШЫ» ФУНКЦИЯСЫ
«Анти тамшы» функциясы судың жылыстауына және үтік төмен температурада жұмыс
.істеген кезде матада айғыз дақ түсілуіне жол бермеуге көмектеседі.
ANTI CALC ФУНКЦИЯСЫ
Үтік қақ түзілуінен қорғауға арналған ANTI-CALC функциясымен жарақталған.
ЖҰМЫСТЫ БІТІРУ
Жылу реттегіш тетікті ең кіші «min» қалпына орнатыңыз.
Үтікті электр желісінен ажыратыңыз.
Жұмыстың соңында әрдайым сауыттағы суды төгіп тастау керек.
Суыған үтіктен суды төккеннен кейін оны тұғырына тігінен қойыңыз да, ең үлкен
қыздыру режимінде 2 минут тоққа қосып қойыңыз да, содан кейін үтікті электр желісінен
ажыратыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Үтікті тазалардан бұрын оның электр желісінен ажыратылып, әбден суығанына көз
жеткізіңіз.
Үтіктің табанын тазалау үшін түрпілі тазартқыш құралдарды пайдалануға болмайды.
ӨЗІН ӨЗІ ТАЗАЛАУ
Су құятын сауыттың ең көп деген белгісіне жеткенше су толтырыңыз да, қақпағын
жабыңыз.
Жылу реттегіш тетікті ең үлкен «max» қалпына орнатыңыз.
Үтікті электр желісіне жалғаңыз.
Үтікті шұңғылшадан жоғары көлбеу ұстап тұрып, була дәрежесін реттегіш тетікті ең үлкен
қалыпқа орнатыңыз да, өзін өзі тазалау түймесін басыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать