Nissei DS-700 [30/40] Көмкермені дайындау

Nissei DS-700 [30/40] Көмкермені дайындау
30
KAZ
Өлшеу кезінде денені ұстау қалпына қарай өлшеулер мəндерінде аздаған
айырмашылықтар болуы мүмкін. Егер көмкерме жүрек деңгейінен төмен (жоғары) бол-
са, алынған көрсеткіштерде төмен (жоғары) болуы мүмкін.
КӨМКЕРМЕНІ ДАЙЫНДАУ
1. Көмкермені ауа шлангілері алақан жағына қарайтындай
етіп сол жақ білегіңізге кигізіңіз. Егер сол жақ білектен өлшеу
қиындық тудырса, оң білектен өлшеуге де болады. Ондай
жағдайда көрсеткіштердің 5-10 мм сынап бағанасындай
айырмашылығы болуы мүмкін екендігін есте ұстаған жөн.
2. Көмкермені білегіңізге оның төменгі жиегі шынтақтың бүгілетін
жерінен 2-3 см-дей жоғары болатындай етіп ораңыз. Ауа шлангісі
қолдың алақан жағына қарайтындай болуға тиіс.
3. Көмкермені білекті тым қатты қыспайтындай, жабыса
қымтайтындай етіп түймелеңіз. Көмкерме тым қысып тұрса да
немесе тым бос оралса да көрсеткіштер дұрыс болмауы мүмкін.
4. Егер білек толық жəне конус тəріздес болса, көмкермені су-
ретте көрсетілгендегідей шиыршықтай ораған дұрыс.
5. Егер Сіз киіміңіздің жеңін түріп алсаңыз жəне сөйтіп, қанның
дұрыс жүруіне кедергі келтірсеңіз, аспаптың көрсеткіші Сіздің
күретамырыңыздың қан қысымына сəйкес келмеуі мүмкін.
ӨЛШЕУ ТƏРТІБІ
Өлшер алдында демді тереңдей ішке тартып, босаңсыңыз. Өлшеу кезінде сөйлеспеңіз жəне
қозғалмаңыз.
1.
I/O түймешігін басыңыз. Дисплейде « » босату белгісі жыпылықтайды да аспап көмкерме
ішінде қалған ауаны босатады.
2.
Көмкермеге тез ауа үрлеу басталады. Ондайда « » белгісі жыпылықтайды да дисплейге
шығарылған нəтиже ұлғая бастайды.
3.
« » белгісі жоғалысымен өлшеу басталады. Ондайда көмкермедегі ауа қысымы төмендей ба-
стайды.
Өлшеуді тоқтату үшін I/O түймешігін басыңыз, аспап ауа үрлеуді тоқтатады да ауаны тез
шығарады, содан кейін өшеді.

Содержание