Nissei DS-1902 [15/20] Қазақстан тұтынушыларына арналған ақпарат

Nissei DS-1902 [15/20] Қазақстан тұтынушыларына арналған ақпарат
- 15 -
ҚАЗАҚСТАН ТҰТЫНУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
Атауы: Күре тамырдың қан қысымын жəне соғу жиілігін өлшеуге арналған автоматты цифрлы
аспап. DS-1902 үлгісі.
Пайдаланылуы: Адам күре тамырының максимальды (жоғарғы) жəне минимальды (төменгі) қан
қысымы мен тамырының соғуын осциллометрикалық əдіспен өлшеу.
Ұсыныстар: Тек дипломы бар дəрігер ғана күнделіктен алынған деректер негізінде Сіздің күре
тамырыңыздың қан қысымы өзгерісін анықтай алады. Есіңізде
болсын, гипертония диагности-
касы мен емдеуді тек дипломы бар дəрігер ғана дəрігердің өзі алған күре тамырдың қан қысымы
көрсеткіштері негізінде ғана жүзеге асырады. Қолданылатын дəрі-дəрмектерді ішу мен дозасын
өзгертуді тек емдеуші дəрігердің жазып беруімен ғана істеу керек. Күре тамырдың қан қысымының
көрсеткіштері дұрыс болу үшін өлшеу кезінде тыныштық сақтау керек
. Күре тамырдың қан
қысымының дəлдігі аспап көмкермесінің Сіздің білегіңізге сəйкестігіне байланысты. Көмкерме тар
да, керісінше кең де болмауға тиіс. Бұл аспап ересек адамның күре тамырының қан қысымын
өлшеуге арналған. Сондықтан баланың қан қысымын өлшегіңіз келсе, дəрігермен ақылдасыңыз.
Қайталап өлшеу қажет болса, есіңізде болсын, қолдағы қан айналымы бастапқы қалпына келуі
керек.
Сондықтан қайта өлшеуді тек 2-3 минуттан кейін ғана жүргізу керек. Алайда, ашық атеро-
склерозбен ауыратын адамдардың тамырлары қатқылданып кететіндіктен өлшеулер арасындағы
уақыт көбірек болуы керек (10-15 минут). Мұның ұзақ уақыт қант диабетімен ауыратын адамдарға
да қатысы бар. Күре тамырдың қан қысымын неғұрлым дəлірек анықтау үшін қатар-қатар 3 өлшеу
сериясын өткізіп, соның орта нəтижесін
есепке алған жөн.
Күту, сақтау, жөндеу жəне өтелге шығару: Бұл аспапты жоғары ылғалдылықтан, күн сəулесінің
тікелей түсуінен сақтау керек. Аспапты жылытқыш аспаптар мен ашық отқа тым жақын жерде
пайдаланбаңыз жəне сақтамаңыз. Аспапты кірлетпей ұстаңыз. Аспаптың уытты ерітінділерге
жанасуына жол бермеңіз. Көмкермені жууға болмайды. Көмкермені жəне резеңке түтікшелерді
өткір бұйымдардан аулақ
ұстаңыз. Қажет болғанда оны тек мамандандырылған ұйымдарда ғана
жөндетіңіз. Белгіленген қызмет мерзімі аяқталарда аспаптың техникалық жағдайын тексерту,
егер қажет болса оны Сіздің өңірде қолданыстағы ережелерге сəйкес өтелге шығаруды жүзеге
асыру үшін аспапты ауық-ауық мамандарға (мамандандырылған жөндеу ұйымдары) көрсетіп тұру
қажет. Аспаптың қызмет мерзімі 6 жыл. Көмкерменің қызмет мерзімі 2 жыл. Шығарылған жылы
аспаптың қорек элементтеріне арналған бөлігінде орналасқан сериялы нөмірде SN əріптерінен
кейін көрсетілген.
Кепілдемелік міндеттемелер: Бұл аспапқа сатылған күннен бастап 60 ай кепілдемелік мерзім
белгіленген. Көмкермеге белгіленген кепілдемелік мерзім 12 айды құрайды. Кепілдемелік мін-
деттемелер аспап тұтынушыға сатылған сəтте кепілдемелік талонмен ресімделеді. Кепілдемелік
қызмет көрсету ұйымдарының мекен-жайлары кепілдемелік талонда көрсетілген.
Сертификаттау жəне мемлекеттік тіркеу туралы мəліметтер:
Аспаптарды өндіру ISO 9001,
ISO 13485, ISO 14001:2004 стандарттары бойынша сертификатталған. Қазақстан Республикасы
денсаулық сақтау министрлігі - тіркеу нөмірі РК-МТ-5007319, 14.01.2010.
Өндіруші жəне экспортшы туралы мəліметтер: Өндіруші: Нихон Сеймитсу Сокки Ко., Лтд.
Өндірушінің мекен-жайы: 2508-13 Накаго Шибукава Гунма 377-0293 Жапония.
Өндіруші-завод: PT.NSS INDONESIA
Өндіруші-заводтың мекен-жайы: Blok A-2 No. 29 ST4A Kawasan, Berikat Besland Pertiwi, Kota Bukit
Indah Purwakarta 4118, INDONESIA
Экспортшы: ЛИТТЛ ДОКТОР ИНТЕРНЕШНЛ (С) ПТИ. ЛТД.
Экспортшының мекен-жайы: 35 Сележ
Роуд 09-05 Парклайн Шопинг Центр, Сингапур 188307
Талап-тілектеріңізді ресми импортшының мына мекен-жайына жолдаңыздар:
Қазақстан: 070010, Өскемен қ., Карбышев к., 24, “КазмедимпортЖШС. (7232)55-89-97.
WWW.NISSEI.RU

Содержание