Nissei DS-137 [31/48] Сақтық шаралары

Nissei DS-137 [31/48] Сақтық шаралары
31
KAZ
Жұмыс қағидаты
Аспап күретамырдың қан қысымы мен тамырдың соғу жиілігін өлшеу үшін
осциллометрикалық əдісті пайдаланады. Көмкерме білекке оралады да сығымдағыштың
көмегімен үрленеді. Аспаптың сезімтал элементі білектің күретамырының жүректің əрбір
соғуына қарай кеңеюі мен тарылуынан пайда болатын көмкерме ішіндегі қан қысымының
əлсіз ауытқуын қалт жібермейді. Қан қысымы толқындарының тербелісі өлшенеді де
ол сынап б
ағанасы миллиме
трлеріне айналдырылып, сандық мəн ретінде дисплейге
шығарылады. Ауа клапаны білек көлеміне қарамастан (көмкерме көлемі диапазонын-
да) ауаның өлшеу кезінде көмкермеден шығуының қажетті жылдамдығын реттеп тұрады.
Аспаптың өлшеулер нəтижелерін сақтауға арналған əрқайсысы 30 ұяшықтан тұратын жады
бар.
Егер аспап аталған басшылық құжаттың «Техникалық сипаттамалар» бөлімінде
көрсетілгендегіден басқа температура мен ылғалдылықта пайдаланылса, өлше
улердің
көрсе
тілген дəлдігін қамтамасыз ете алмайтындығына назар аударыңыз. Аталған
аспаппен айқын жүректің соғу ырғағының бұзылу сырқаты бар адамның жəне балалар
күретамырының қан қысымын өлшеген кезде қателіктердің мүмкін болатынын ескертеміз.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Осы қондырғының жиынтығына кіретіннен айырмашылығы бар
көмкермені пайдалануға болмайды!
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Мынандай сырқаты бар адамдар аспапты пайдаланар алдында дəрігермен ақылдасып алғаны
жөн:
Білегінің айналасында қалыпты қан айналымына кедергі келтірерлік кемістігі бар
адамдар.
Қан айналымының шеткі жүйелері бұзылған (қант диабетімен, беріштенумен, ате-
росклероз жəне т.б. сырқаттанатын) адамдар. Ондайда күретамырдың қан қысымын
өлшеген кездегі көрсеткіштер тұрақсыз болуы мүмкін.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!
Аспап асқынған жүрек ырғағының бұзылуы бар адамдардың күретамырының қан
қысымын өлшеуге арналмаған!
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
Қондырғыны жуынуға арналған бөлмеде жəне ылғалдылығы жоғары басқа да жер-
лерде пайдалануға.
Білек жарақаты жазылмаған адамдарға пайдалануға.
Аспапты тамырыңызға тамызғы салған кезде жəне қан құю кезінде пайдалануға бол-
майды. Ол жарақатқа немесе қайғылы жағдайға апарып соғуы мүмкін.
Қондырғыны осы басшылық құжатта жазылғандағыдан басқа мақсаттарда
пайдалануға тыйым салынады. Ол қондырғының істен шығуына апарып соғуы жəне
қайғылы жағдайға себепші болуы мүмкін.
ПАЙДАЛАНҒАН КЕЗДЕ МЫНАНДАЙ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАУ КЕРЕК:
Өлшеулер жүргізген кезде дəрігер нұсқауларын басшылыққа алыңыз, оның

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения