Nissei DS-137 [36/48] Көмкермені дайындау

Nissei DS-137 [36/48] Көмкермені дайындау
36
KAZ
КӨМКЕРМЕНІ ДАЙЫНДАУ
1 Көмкермені ауа шлангілері алақан жағына қарайтындай
етіп сол жақ білегіңізге кигізіңіз. Егер сол жақ білектен
өлшеу қиындық тудырса, оң білектен өлшеуге де бо-
лады. Ондай жағдайда көрсеткіштердің 5-10 мм сынап
бағанасындай айырмашылығы болуы мүмкін екендігін есте
ұстаған жөн.
2
Көмкермені білегіңізге оның төменгі жиегі шынтақтың
бүгілетін жерінен 2-3 см-дей жоғары болатындай етіп
ораңыз.
3 Көмкермені білекті тым қатты қыспайтындай, жабыса
қымтайтындай етіп түймелеңіз. Көмкерме тым қысып тұрса
да немесе тым бос оралса да көрсеткіштер дұрыс болмауы
мүмкін.
4 Егер білек толық жəне конус тəріздес болса, көмкермені
суретте көрсетілгендегідей шиыршықтай ораған дұрыс.
5 Егер Сіз киіміңіздің жеңін түріп алсаңыз жəне сөйтіп,
қанның дұрыс жүруіне кедергі келтірсеңіз, аспаптың
көрсеткіші Сіздің күретамырыңыздың қан қысымына сəйкес
келмеуі мүмкін.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения