LG Q6+ M700AN [295/687] Бет әлпетті тану туралы жалпы ақпарат

LG Q6+ M700AN [295/687] Бет әлпетті тану туралы жалпы ақпарат
Арнайы жасалған мүмкіндіктер 20
Бет әлпетті тану
Бет әлпетті тану туралы жалпы ақпарат
Бет әлпетінің сақталған деректерін пайдалану арқылы экран құлпын
ашуға болады.
Осы мүмкіндіктің қауіпсіздігі сурет, PIN коды және құпиясөз сияқты
экранды құлыптау әдістеріне қарағанда осалдау болуы мүмкін.
Ұқсас бет әлпеті немесе сіздің фотосуретіңіз қолданылған кезде,
экран құлпы ашылуы мүмкін.
Танылған бет әлпетінің деректері құрылғыңызда сенімді түрде
сақталады.
Экранды құлыптау әдісі ретінде бет әлпетін тану мүмкіндігі
таңдалған кезде, қуат қосылған соң, бет әлпетін тану мүмкіндігін
тікелей қолданбай, бет әлпетін тіркеу үшін қолданылған суретті,
PIN кодын немесе құпиясөзді енгізу қажет. Сол себепті, берілген
мәнді ұмытпауға тырысыңыз.
Құрылғы бет әлпетіңізді тани алмаса немесе тіркеу үшін берілген
мәнді ұмытып қалсаңыз, LG компаниясының жақын маңдағы
тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына құрылғыңыз бен
идентификаторлық картасын алып барыңыз.
Бет әлпетті тану мүмкіндігіне қатысты сақтық
шаралары
Бет әлпетті тану мүмкіндігінің нақтылығы келесі жағдайларда төмендеуі
мүмкін. Тану нақтылығын арттыру үшін, құрылғыны пайдалану алдында
төмендегілерді тексеріңіз.
Бетіңізді бас киім, көзілдірік немесе маска жауып тұрмағанын
немесе бет әлпетіңіз опа-далапты көп жаққаннан немесе сақалдан
айтарлықтай өзгеріп кетпегенін тексеріңіз.
Алдыңғы камера объективінде саусақ іздерінің немесе бөгде
заттардың жоқ екенін немесе тым жарық немесе қараңғы болуына
байланысты құрылғыңыз бет әлпетіңізді тани алмай тұрмағанын
тексеріңіз.

Содержание

Скачать