LG Q6+ M700AN [311/687] Батареяны тиімді пайдалану

LG Q6+ M700AN [311/687] Батареяны тиімді пайдалану
Негізгі функциялар 36
Құрылғы толығымен зарядталғаннан кейін зарядтау құрылғысын
қуат розеткасынан ажыратыңыз. Бұл қуаттың қажетсіз
жұмсалуының алдын алады.
Батареяны зарядтаудың тағы бір жолы - құрылғы мен жұмыс үстелі
не ноутбук арасында USB кабелін жалғау. Бұл адаптерді розеткаға
қосқаннан ұзағырақ уақыт алуы мүмкін.
Батареяны қалыпты кернеуді сақтап тұра алмайтын USB
концентраторын пайдалану арқылы зарядтамаңыз. Зарядталмауы
немесе кенеттен тоқтап қалуы мүмкін.
Құрылғыны пайдалану кезіндегі сақтық шаралары
Құрылғының ішіне металл зат немесе су тимейтінін тексеріңіз.
Бірге берілген USB кабелін пайдаланыңыз; құрылғыңызбен
үшінші тарап USB кабелін немесе зарядтағыш құрылғыларын
пайдаланбаңыз. LG шектеулі кепілдігі үшінші тарап керек-жарақтарын
пайдалануды қамтымайды.
Осы нұсқаулықтағы нұсқауларды орындамау және мақсатынан тыс
пайдалану салдарынан құрылғыға зақым тиюі мүмкін.
Батареяны тиімді пайдалану
Көптеген қолданбалар мен функциялар бір мезгілде және үдіксіз жұмыс
істеген жағдайда, батареяның қызмет ету мерзімі төмендеуі мүмкін.
Батареяның қызмет ету мерзімін арттыру үшін, фондық операцияларды
тоқтатыңыз.
Батареяның жұмсалуын төмендету үшін келесі кеңестерді орынаңыз:
Bluetooth
®
немесе Wi-Fi желі функциясын пайдаланбаған кезде, оны
өшіріп қойыңыз.
Экранның үзіліс уақытын мүмкіндігінше қысқа етіп орнатыңыз.
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
Құрылғы пайдаланылмаса, экран құлпын орнатыңыз.
Батарея қолданысы жөніндегі ақпаратты тексеріп, батареяны
жұмсайтын барлық жүктелген қолданбаларды жабыңыз.

Содержание

Скачать