LG Q6+ M700AN [389/687] Дисплей

LG Q6+ M700AN [389/687] Дисплей
Баптаулар 114
Дисплей
Әрбір экран түрі үшін толық параметрлерді реттеуге болады.
Параметрлер экранында Дисплей пәрменін түртіңіз және төмендегі
параметрлерді реттеңіз:
Өзіндік бет экраны: Басты экран параметрлерін реттеу. Толық
мәліметтерді
Негізгі экран параметрлері
бөлімінен қараңыз.
Экранды құлыптау: Құлыптау экранының параметрлерін реттеу.
Толық мәліметтерді
Құлыптау экранының параметрлері
бөлімінен
қараңыз.
Тақырып: Құрылғы үшін экран тақырыбын таңдау.
Негізгі сенсорлы түймешіктер: Басты экран түймелерін қайта
реттеу немесе олардың фондық түстерін өзгерту.
Шрифт түрі: Қаріпті өзгерту.
Шрифт өлшемі:: Қаріп өлшемін өзгерту.
Қалың мәтін: Экрандағы мәтінді қалың қаріппен бөліп көрсету.
Қолданба масштабтау: Қолданбалардың экран өлшемін реттеңіз.
Көрсетілім өлшемі: Экрандағы элементтерді көруге ыңғайлы
өлшемге орнатыңыз. Кейбір элементтер орнын өзгертуі мүмкін.
Ыңғайлы көрініс: Құрылғыны көзге түсетін жүктемені азайту үшін
экранның көк жарық мөлшерін бәсеңдетуге орнатыңыз.
Жарықтығы: Құрылғы экранының жарықтығын өзгерту үшін
жылжыту жолағын пайдалану. Экран жарықтығын қоршаған ортаның
жарық қарқындылығына сәйкес автоматты түрде реттеу үшін, Авто
ажыратқышын сырғытыңыз.
Авто: Құрылғыны экран жарықтығы қоршаған орта жарығының
қарқындылығына сай автоматты түрде реттелетіндей етіп орнату.
Экранды автоматты бұру: Экранды құрылғы бағдарына сәйкес
автоматты түрде айналдыру.
Экран жарығының өшу уақыты: Құрылғы белгілі уақыт кезеңінде
тұрып қалған кезде экранды автоматты түрде өшіру.
Қосымша
Экранды қосу: Экранды екі рет түрту арқылы қосу
немесе өшіру.
Қосымша
Экран сақтағыш: Құрылғыны ұстағышқа жалғағанда
немесе зарядтағанда экран сақтағышты көрсету. Көрсетілетін экран
сақтағыш түрін таңдау.

Содержание

Скачать