Centek CT-8540 Инструкция по эксплуатации онлайн [15/56] 744283

Centek CT-8540 Инструкция по эксплуатации онлайн [15/56] 744283
15
БАПТАУ
Пультті немесе басқа құрылғыны Bluetooth арқылы қосу
Егер сіз бірінші рет қосқан кезде пульт пен теледидарды Bluetooth арқылы
байланыстырмасаңыз, оны кейінірек жасаңыз әйтпесе дауыстық ендіруді
пайдалана алмайсыз. Сонымен қатар, пернетақтаны, тінтуірді, джойстикті не-
месе басқа басқару құралын қосуға болады:
- Теледидардың басты экранында басыңыз, содан кейін Құрылғыны бап-
тау бөліміне өтіңіз де Пульт және аксессуарлар тобынан Құрылғыны қосу
таңдаңыз.
- Құрылғыны қосу режиміне ауыстырыңыз. Егер сіз пультті байланыстырып
жатсаңыз, онда бір уақытта дыбыс деңгейін төмендету және жоғарылату
батырмаларын басып, индикатор сөнгенше күтіңіз.
- Теледидар құрылғыны тауып, оған қосылғанша күтіңіз.
Күн мен уақытты өзгерту
- Теледидардың басты экранында басыңыз, содан кейін Құрылғыны баптау
бөліміне өтіңіз де Күн мен уақытты таңдаңыз.
- Баптауларды өзгертіңіз:
Интернет арқылы күн мен уақытты автоматты түрде анықтау үшін Күн мен
уақытты автобаптау батырмасын басып, Желі уақытын пайдалану опция-
сын қосыңыз. Егер уақыт сіздің уақыт белдеуіңізге сай көрсетілмесе, күн
мен уақытты баптау мәзіріне оралыңыз, Уақыт белдеуін таңдауды басыңыз
және өз аймағыңыздың белдеуін табыңыз.
Егер сіз күн немесе уақыт баптауларын қолмен орнатқыңыз келсе, Күн
мен уақытты автобаптау батырмасын басып, Желі уақытын пайдалану
опциясын өшіріңіз. Содан кейін күн мен уақытты баптау мәзірінде қажетті
мәндерді орнатыңыз.
Экран баптауларын өзгерту
- Теледидардың басты экранында басыңыз және Кескінді таңдаңыз.
- Баптауларды өзгертіңіз:
Жарықтандыру. Экранның жарықтығын өзгертеді.
Кескін режимі. Жарықтылық, контраст, тегістеу және бейненің нақты типіне
арнап жинақталған басқа да баптаулар. Сіз жиі көретін нәрсеге сәйкес
келетін режимді таңдаңыз — мысалы, спорттық бағдарламалар мен бейне-
лерді көру үшін Спорт режимі қолайлы.
Түр-түстік температура. Кескінге жағылатын түс реңкі. Әдетте, кескін
стандартты немесе жылы түр-түстік температурада жақсы көрінеді, бірақ
тәжірибе жасап, өзіңізге ұнайтын температураны таңдаған жөн.
Шуылды басу. Егер бұл опцияны қосса, теледидар автоматты түрде кескінді
жақсартуға тырысады: кедергілер мен көмескілікті жою. Егер әдетте сіз са-
палы бейне қарасаңыз, шуылды басуды орташа режимде қалдыруға немесе
өшіруге болады.
Кескін пішімі. Экран жақтарының ара қатынасын анықтайды. Әдепкілік
қатынас 16:9 деп орнатылған – бұл көптеген арналар мен бейнелерге сәйкес
келеді. Егер сіз басқа пішімдегі бейне көрсеңіз немесе кескінді үлкейткіңіз
келсе, тізімнен сәйкес пунктті таңдаңыз.
MEMC. Бейнеге кадрлар қосу арқылы кескінді бірқалыпты және айқын
етеді. Жақсы сапалы бейнелер үшін бұл баптауды қолдану міндетті емес
өшіруге немесе орташа жұмыс режиміне қоюға болады.
Дыбыстық баптауларды өзгерту
- Теледидардың басты экранында басыңыз және Дыбысты таңдаңыз.
- Баптауларды өзгертіңіз:
Жүйелік дыбыстар. Егер теледидарда пульт пәрмендерімен бірге (мәзір бой-
ынша ауыстырулар, мәтін енгізу және т.б.) дыбыс шыққанын қаламасаңыз,
өшіріңіз.
Дыбыс қаттылығын теңестіру. Әртүрлі теледидар арналары мен бейнелерін
ауыстырған кезде дыбыс тым қатты немесе тым жай болмауы үшін олардың
дыбыс қаттылығын орташаландырады.
Көлемді дыбыс. Теледидардың екі динамикасында да дыбыс көлемді шыға-
тындай өңдейді.
Аудио режимі. Бейненің нақты бір типіне арап дыбысты баптау. Сіз жиі
көретін нәрсеге сәйкес келетін режимді таңдаңыз мысалы, музыкалық
клиптер көру үшін Музыка режимі қолайлы.
Сандық аудио шығыс. Сандық немесе аналогтық дыбысты аудиожүйеге
ауыстыруды анықтайды. Сандық дыбысты мәжбүрлі жіберу үшін PCM
таңдаңыз, Auto —жіберілетін дыбыс типін теледидар өзі анықтау үшін,
және Өшіру егер сіз сандық дыбысты сыртқы құрылғыға шығарғыңыз
келмесе. Кейбір аудиожүйелер сандық дыбысты қабылдай алмайды. Бұн-
дай жағдайда сандық аудио шығысты өшіріңіз немесе оны Auto режиміне
ауыстырыңыз.
Арналарды баптау
Аналогтық арналарды табу
- Антенна мен теледидарды «Антеннаны қосу» бөлімінде көрсетілгендей
жалғаңыз.
- Теледидардың басты экранында басыңыз, содан кейін Арналарды баптау
бөліміне өтіңіз және Аналогтық ТВ таңдаңыз.
- Егер сіз барлық қолжетімді арналарды қосқыңыз келсе, Арналарды ав-
томатты баптауды басыңыз. Арнаны қолмен қосу үшін Бағдарламаларды
қолмен орнатуды басып, қажетті арнаның параметрлерін енгізіңіз.
Сандық арналарды табу (антенна)
- Антенна мен теледидарды «Антеннаны қосу» бөлімінде көрсетілгендей
жалғаңыз.
- Егер телевидение операторы кері кодтайтын карта арқылы арналарға қол
жеткізуді қамтамасыз етсе, оны теледидардың артқы панеліндегі COMMON
INTERFACE слотына салыңыз.
- Теледидардың басты экранында басыңыз, содан кейін Арналарды баптау
бөліміне өтіңіз және Сандық ТВ (антенна) таңдаңыз.
- Ел тізімінен өз еліңізді табыңыз.
- Арналарды сақтау ретін таңдаңыз. Арналар телевидение операторы қой-
ған ретпен сақталу үшін LCN опциясын қосыңыз және егер арналар жиілік
бойынша реттелгенін қаласаңыз, оны өшіріңіз. Бұл опция тек арналардың
автобапталуы кезінде жұмыс жасайды.
- Егер сіз барлық қолжетімді арналарды қосқыңыз келсе, Арналарды ав-
томатты баптауды басыңыз. Арнаны қолмен қосу үшін Қолмен баптауды
басып, қажетті арнаның параметрлерін енгізіңіз.
Сандық арналарды табу (кабельді ТВ)
- Антенна мен теледидарды «Антеннаны қосу» бөлімінде көрсетілгендей
жалғаңыз.
- Егер телевидение операторы кері кодтайтын карта арқылы арналарға қол
жеткізуді қамтамасыз етсе, оны теледидардың артқы панеліндегі COMMON
INTERFACE слотына салыңыз.
- Теледидардың басты экранында басыңыз, содан кейін Арналарды баптау
бөліміне өтіңіз және Сандық ТВ (кабель) таңдаңыз.
- Ел тізімінен өз еліңізді табыңыз.
- Егер сіз барлық қолжетімді арналарды қосқыңыз келсе, Арналарды ав-
томатты баптауды басыңыз. Арнаны қолмен қосу үшін Қолмен баптауды
басып, қажетті арнаның параметрлерін енгізіңіз.
Жерсеріктік арналарды табу
- Жерсеріктік телевидение операторынан жерсеріктерге қосылуға арналған
параметрлерді біліп алыңыз:
Жерсерік атауы, бағыты және бойлық бұрышы, тобы (диапазоны).
Жерсеріктегі транспондерлердің сипаттамасы: жиілігі, деректердің таралу
жылдамдығы, полярлығы.
Өз жерсеріктік тәрелкеңіздің, конвертордың (LNB) және қайта қосқыштар-
дың сипаттамалары: конвертор типі, DiSEqC хаттамасының нұсқасы және
қайта қосқыштар үшін сигнал реңі, сонымен қатар қайта қосқышта
Toneburst технологиясының бар-жоғы.
- Антенна мен теледидарды «Антеннаны қосу» бөлімінде көрсетілгендей
жалғаңыз.
- Егер телевидение операторы кері кодтайтын карта арқылы арналарға қол
жеткізуді қамтамасыз етсе, оны теледидардың артқы панеліндегі COMMON
INTERFACE слотына салыңыз. Карта туралы толығырақ «CI+ шартты қол
жетімді картасын қосу» бөлімінен оқи аласыз.
- Теледидардың басты экранында басыңыз, содан кейін Арналарды баптау
бөліміне өтіңіз және Жерсеріктік ТВ таңдаңыз.
- Антенна жүргізілген әрбір жерсеріктің параметрлері дұрыс көрсетілгенін
тексеріңіз: тізімнен жерсерікті табыңыз, одан соң пульттегі ОК батырмасын
басып, ұстап тұрыңыз – ашылмалы мәзір ашылады. Бұдан Редакциялауды
таңдаңыз. Егер қажетті жерсерік тізімде болмаса, жерсеріктер тізімінің
жоғарғы жағындағы басыңыз және жерсерік параметрлерін көрсетіңіз.
- Жерсерікті таңдап, Транспондер тізіміне өтіңіз де сигналдарын антенна қа-
былдап алатын жерсеріктердің қабылдап-таратқыштарын табыңыз. Әрбір
транспондердің параметрлерінің дұрыс көрсетілгендігін тексеріңіз: оны
таңдап, одан соң пульттегі ОК батырмасын басып, ұстап тұрыңыз – ашылма-
лы мәзір ашылады. Бұдан Редакциялауды таңдаңыз.
- Жерсерікті таңдаңыз, Сканерлеу параметрлері тізіміне өтіңіз де, қайта
қосқыш пен конвертор баптауларын көрсетіңіз.
- Іздеді бастауды басыңыз да, іздеу параметрлерін қойыңыз:
Іздеу типі. Егер сізде дұрыс транспондерлер көрсетілген болса, Желіні ізде-
уді таңдаңыз, – теледидар бұлардан тез жауап алып, арналар тізімін құра-
стырады. Егер сіз транспондерлер параметрлерінің дұрыстығына сенімсіз
болсаңыз Соқыр сканерлеу іздеуін пайдаланыңыз теледидар жерсерік-
тердің барлық жиіліктегі диапазондарын сканерлейді және өздігінен танс-
пондерлер мен ондағы арналарды табады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Как трансляцию включить
10 месяцев назад